Атырау, 7 желтоқсан 12:03
Күндіз бұлыңғыр болады+3, кешке -1
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 385.76  € 427.89  P 6.04

Атырау қонағының пәтерінен көп мөлшерде қарасора табылды

1 желтоқсан 20:40


Атырауда полицейлер 36 жастағы Өзбекстан азаматының уақытша тұратын пәтерін тексеру барысында 1,5 келі кептірілген қарасора тапты. Шетелдік абақтыға қамалып, ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімі («Аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз пайдалану») бойынша қылмыстық іс көтерілді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі тағы бір ескірткі саудалау қылмысы туралы хабарлады: 35 жастағы атыраулық әйелден 2 граммдай синтетикалық есірткі табылған. Жалпы, жыл басынан бері 5 синтетикалық есірткі заттарын заңсыз айналымға салу фактісі анықталған.

ПД-ның облыстық есірткі қылмысына қарсы басқармасы шұғыл желі ашты. Егер есірткі заттарын заңсыз сату фактілерін кездестірсеңіз, watss app мессенджері арқылы 8775 184 89 49 номеріне хабарлау керек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1629 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3 4 5

Последние новости