Атырау, 18 сәуір 22:53
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Жалған құжатты көліктер Атырауға жете алмады

4 577 просмотра


Ресей-Қазақстан шекарасындағы «Қараөзек» бақылау-өткізу бекетінде ресейлік шекарашылар біздің өңірге бет алған бес шетелдік көлікті тоқтатты. Олардың тіркеу құжаттары жалған болып шықты.

Ресей Федерациясының Қалмақ Республикасы мен Астрахан облысы бойынша федералдық қауіпсіздік қызметі шекаралық басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Toyota Camry, екі Toyota RAV 4 және екі Mercedes Benz Sprinter көліктерінің құжаттарын тексеру кезінде бұл көліктердің тіркеу туралы куәліктерінің жалған екендігі анықталған. Сондықтан олар қазақстандық «Құрманғазы» (Котяевка) бақылау-өткізу бекетіне жете алмады. Көліктер мен олардың жүргізушілері ұсталып, жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе олардың айналымы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 қараша 2019, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.