Атырау, 23 желтоқсан 08:09
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Өз көлігімен жүргіншіні басып өлтірген полиция оқиға орнынан қашып кеткен

4 981 просмотра


13 қазанда сағат 04.35 шамасында Исатай ауданы Зинеден ауылында аудандық полиция бөлімінің қызметкері Айболат ЖҰМАШЕВ «Ауди-А6» көлігімен адамды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған. Ал зардап шеккен 25 жастағы жүргінші сол жерде қаза болды.

- ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-тармағы (Байқаусызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) және 347-бабы (жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын қабылдау туралы мәселе қаралуда,- деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.

«АЖ» деректері бойынша, «Ауди» жүргізушісі тойдан мас келе жатыр екен.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қазан 2019, 13:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.