Атырау, 30 мамыр 15:22
 дождьВ Атырау +21.7
$ 485.95
€ 565.74
₽ 6.83

Облыстық ауруханадағы баланың өліміне қатысты тергеу басталды

3 134 рет қаралды


Батарейка жұтқан 11 айлық сәбидің Атырау облыстық балалар ауруханасында қайтыс болуына байланысты Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

- Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлігі ("Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина қызметкерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды. Тергеу барысы облыс прокуроры мен полиция департаментінің бақылауында, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, өмірмен қош айтысқан сәбидің әжесі Facebook-те немересінің өліміне облыстық аурухана дәрігерлерін кінәлап, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВҚА үндеухат жариялады. Хатта көрсетілгендей, бала  Ipad-тың қақпағындағы кішкентай магнитті жұтып қойған, ал дәрігерлер ол зат баланың дәретімен шығады деп сендірген.

Енді  бұл іспен полиция айналысады.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қаңтар 2020, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.