Атырау, 28 наурыз 13:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Сұлулық пен алаяқтық

4 410 просмотра


Атырауда «EcoClinic» ЖШС-нің 26 жастағы директоры ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша тергеу абақтысына қамалды және алдағы бұлтартпау шарасы туралы тергеу сотының санкциясын күтіп отыр.

- Бұдан бұрын Атырау облысының Полиция департаментіне «EcoClinic» ЖШС басшылығына косметикалық қызмет көрсету кезіндегі алаяқтық әрекеттер туралы көп шағым түсті. Қазіргі уақытта 242 жәбірленуші анықталды, - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына (Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған.

«EcoClinic» ЖШС-нің косметологиялық орталығы қомақты сомадағы несиеге қызмет көрсететіні белгілі болды. Кейін несие алған клиенттер оның басшысымен байланыса алмаған.

- Маған «EcoClinic»-тен қоңырау шалып, тегін косметикалық қызметке шақырды. Нөмірімді қайдан алғанын білмеймін. Сұраған кезде, құрбыңыз берді деді. Мен орталықтың косметологына барып, ұсынылған барлық процедураларды қабылдадым, соңында маған кремдер мен басқа да қызметтерді үлкен сомаға сатып алуды ұсынды. Оны несиемен алуға болады екен. Мен күмәндансам да несиені алдым, содан кейін уәде етілген қызметтер көрсетілмеді, - дейді зардап шеккендердің бірі.

Қазіргі уақытта орталық жабық, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

8 қыркүйек 2019, 11:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.