Атырау, 5 желтоқсан 11:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жанар-жағар май бекетін тонаған қарақшылар ұсталды

Бейнежазба
4 359 рет қаралды


9 қаңтарда таңғы сағат  05.40 шамасында  Атырауда екі ер адам С. Датов көшесінде орналасқан жанар-жағармай бекетіне қарақшылық шабуыл жасап, тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 268 мың теңгені алып кеткен.

Атырау облысының ПД баспасөз қызметі хабарлағандай,  қарақшылар бейнебақылау камерасына түсіп қалғандықтан полиция  қылмыскерлерді із суытпай ұстаған. 24-25 жастағы Атырау қаласы және Жылыой ауданының екі тумасы күдікті ретінде қамауға алынды. Олардан ақша және басқа да айғақ заттар табылып тәркіленді. Бүгінде ҚР ҚК 192 бабы («Қарақшылық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды 

13 қаңтар 2020, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.