Атырау, 16 қыркүйек 20:50
 дождьВ Атырау +29.1
$ 447.80
€ 516.76
₽ 5.30

Қарақшыға «коктейль» бұйырмады

3 797 рет қаралды


19 желтоқсанда Атырау облыстық УГ-157/1 (тергеу изоляторы) мекемесінің бақылау-өткізу бөлімінің қызметкерлері сәлемдемені тексеру кезінде вискимен араласқан 3 литр кока-кола тәркіледі.

-«Коланы» жергілікті тұрғын Қ.Н. тергеуде отырған ҚР ҚК 192-бабы ("Қарақшылық") бойынша айыпталушы А.А.-ға әкелген. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде алкогольдік ішімдіктерге тыйым салынған, оларды әкелген үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қ.Н.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып, іс Атырау қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Фархат ӘБІЛОВ

20 желтоқсан 2019, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.