Атырау, 26 сәуір 19:11
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Қарақшылар «травматпен» қорқытқан

2 597 просмотра


Жақында Атыраудағы жанар-жағар май құю бекетіне жасалған қарақшылық шабуылдың кейбір деректері белгілі болды.

«Бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қылмыскерлердің ізіне түсіп, тәулікке жетпейтін уақытта ұстады.  Қылмыстық топ шет мемлекетте есепте тұрған Lada21101 көлігімен жүрген. Күдіктілер ірі соманы иемденген жағдайда шетел асып кетуді ойлаған. Көліктің салонынан ақша, травматикалық тапанша, бетперделер табылды. ҚР ҚК 192-бабы 2-бөлігі «Қарақшылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады Атырау облысының ПД баспасөз қызметі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қаңтар 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.