Атырау, 12 қараша 05:51
Таңертең бұлыңғыр болады+9, күндіз +10
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 388.70  € 428.70  P 6.08

Исатайлық браконьер Атырауда ұсталды  

8 қараша 15:03


3 қарашада кешке полиция қызметкерлері Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 32 жастағы Исатай ауданы тұрғыны  жүргізген «Lada Granta» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен жалпы салмағы 120 келіден астам бекіре тұқымдас балықтар табылды.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізушінің үйінде тінту жүргізу кезінде ау құралдары мен «Байда» қайығы табылған. Факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы («Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ПД баспасөз қызметі ұсынды

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

Есть, чем поделиться по теме этой статьи? Расскажите нам. Присылайте ваши новости и видео на наш WhatsApp +7 707 37 300 37 и на editors@azh.kz

 

1157 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

Наш WhatsApp номер для новостей:
1 2 3