Атырау, 24 қараша 06:58
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда өгей әке жарты жыл бойы 13 жасар өгей қызын зорлап келген

6 435 просмотра


Жақында осынау сұмдық қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы мен жәбірленушінің анасы заңды некеде тұрған. 13 жасар қыз бала әйелдің бірінші некеден туған қызы. Өгей әкесі оған өз тегін беріп, асырап алған. Одан басқа бұл некеде екеуінің ортақ екі қызы бар.

Өгей әке әйелінің үйде жоқтығын пайдаланып, өгей қызын үнемі зорлаған. Ал жәбірленуші одан қорқып, бұл туралы ешкімге тіс жармай келген. Мұның бәрі тек ол жүкті боп қалған кезде белгілі болады. Анасы дереу полицияға шағым түсірген.

- Сот С.-ны ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-тармағы (Көрінеу жас балаға қатысты жасалған зорлау) бойынша кінәлі деп танып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне енді, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде.

Бүгінде Атырауда кәмелетке толмағандарды зорлауға байланысты тағы екі қылмыстық іс тергелуде.

Фархат ӘБІЛОВ

19 қыркүйек 2019, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.