Атырау, 23 қараша 20:52
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот басталды

3 679 просмотра


Атырау қалалық №2 сотында өткен жылы 21 қыркүйекте Баймұханов көшесінде жасөспірім баланы қағып өлтірген "Toyota Camry-50" көлігінің 22 жастағы жүргізушісіне қатысты сот процесі басталды.

Айыпталушы С.Д. өзі жүргізіп келе жатқан көліктің жылдамдығын шектен тыс асырып, жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп келе жатқан Нұртан МАҚСОТОВТЫ қағып кеткені үшін жауапқа тартылуда. Зардап шегуші есін жимастан оқиға орнында көз жұмды.

«АЖ»-ға белгілі болғандай, сот сараптамасы «Toyota Camry-50» автокөлігінің тежегіш жүйесі мен басқару тетіктерінде ақау болмағанын анықтады. Сараптама қорытындысына сәйкес, «Тойота» 145,2 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан, ал одан қас-қағым сәт бұрын баланың жанынан зу етіп өткен қара «Мерседес»  137,2 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Екі көліктің өзара жарысы Атырау ҚПБ жедел басқару орталығының бейнекамераларына түсіп қалған. Бұған дейін полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Мерседес» жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Яғни, сотқа ол сыбайлас емес, куә ретінде қатысуы мүмкін.

Сотталушыға 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды.

Фархат ӘБІЛОВ

6 қаңтар 2020, 15:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.