Атырау, 28 наурыз 18:48
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жылқы жайылатын жер емес

Сурет
6 185 просмотра


Бірнеше күн бойы қала даңғылдарының бойында жайылып жүрген жылқылардың иелері табылып, айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.



Әдеттегіше, Атырау тұрғындары наразылықтарын білдіріп, шағымдар мен ұсыныстар жіберетін Атырау облысының Telegram чат каналына суреттер мен бейнежазбалар жолдады. Суреттерден жылқылардың орталық көшелерде еркін жайылып, шөп жеп, жақында төселген көгалдарды таптап жүргені көрінеді.

Дегенмен сиыр да, жылқы да баяғыда-ақ қала ландшафтының бір бөлігіне айналған еді. Ал Әбілқайыр хан даңғылы олардың сүйікті жайылым орны болып кеткен.

Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Бауыржан ТӨЛЕШОВТІҢ айтуынша, 28 қазанда арнайы орынға қамалған жылқылардың иелері табылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес, оларға 20 АЕК (50 500 теңге) айыппұл салынды.

Анастасия АЛЮШИНА

Суреттер ашық дереккөздерден алынды

29 қазан 2019, 12:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.