Атырау, 18 тамыз 18:04
 дождьВ Атырау +28.1
$ 461.39
€ 534.75
₽ 5.45

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

80 рет қаралды

ҚР Бас прокуратурасы халықаралық іздеуде болған ел азаматын қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Ресей Федерациясынан қайтарды. 

Күдікті Ақмола облысындағы кен орны мен жол құрылысына қатысты келісімшарттарды алып беремін деп, азаматтарды жүздеген миллион теңгеге тақырға отырғызған.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, ол мынадай қылмыстарға күдіктелуде:

  • 2019 жылдың ақпаны: Ақмола облысындағы кен орнында құрамында алтыны бар кенді өндіру келісімшартын алып беремін деген сылтаумен үш азаматтың 500 мың АҚШ долларын иемденген;

  • 2021 жыл: «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-мен жол-құрылыс жұмыстарына келісімшарт жасасуға жәрдемдесемін деп, екі кәсіпкерді 93,4 млн теңге беруге көндірген.

Қылмыс жасағаннан кейін бой тасалаған азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, былтырғы жылдың қыркүйегінде Мәскеуде ұсталған еді. Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктіге мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Бүгін, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.