Редакцияға қала тұрғындарынан Атырау көшелерінде бейқам жайылып жүрген түрлі аша тұяқтылар бейнеленген фотосуреттер жиі түсе бастады.
Осы жолы да біздің оқырманымыз Ербол Ахметов қаланың қақ ортасындағы қызу көлік қозғалысын бірер минутқа тоқтатқан екі сиырды суретке түсіріп алыпты. Жолдан өткен кезде (бір қызығы, бағдаршамнан өткен), сиырлар Азаттық көшесіндегі теректерден үзіп жеу үшін кідірген екен.
Осыдан үш жыл бұрын көшеде жайылып жүрген малдарға қиын болған еді: жануарларды «Арнайы автобаза» алып кетіп, оларды қожайындары тек айыппұл төлегеннен кейін ғана қайтарып алған болатын. Содан кейін малдарды қала ішінен шығару міндетін қаламызды көгалдандырушы рөлін қоса атқарып жүрген «МұнайҚұрылысCервис LTD» ЖШС-і өз мойнына алған еді.
Қазір қалай? «Арнайы автобаза» КМК директорының орынбасары Заура ЖАЙРИБЕКОВАНЫҢ сөзінен белгілі болғандай, сиырларды олар тек жасыл-желектердің маңынан ғана қуады екен, онда да жаны ашыған азаматтар хабарласқан кезде. Қазіргі көгалдандырушылар – «Атырау зеленстрой» КМК-де директордың орынбасары Геннадий ЦОЙ: «Біздің қатысымыз қандай? Бәлкім, сізге Арнайы автобазаға хабарласу керек шығар?», - деп қатты таң қалды.
Осылайша шеңбер тұйықталды.
Анастасия ПАСТУХОВА