Атырау, 25 сәуір 12:37
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​«Сұлулық пен алаяқтық»: Атырауда «EcoClinic» ЖШС басшылары сотталып жатыр

4 145 просмотра



№2 Атырау қалалық сотында «EcoClinic» ЖШС-нің екі басшысы үстінен қылмыстық іс көтеріліп, сот процесі жүріп жатыр. ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Аса ірі мөлшердегі алаяқтық") бойынша оларға 73 клиентті 16 миллион теңгеге алдағаны үшін айып тағылып отыр.

Айыптау тарапының болжамы бойынша, А.Б. және М.М. өткен жылы «EcoClinic» ЖШС-нің толыққанды иесі болғаннан кейін, косметологиялық қызмет көрсету бойынша шарттарды жасаудың алаяқтық жолын қолдана бастады. Бұл екі әйел әлеуметтік желілерде ойдан шығарылған акциялар мен түрлі косметикалық процедураларға жеңілдіктер туралы хабарлап, одан кейін Атырау тұрғындарын олардың кеңсесіне келіп, косметологиялық қызметтердің сынақ нұсқасын тегін пайдалану үшін сенімді түрде шақырып отырған. Егер бірінші сеанс ұнайтын болса, үлкен сомаға несие қызметін ұсынған. Бірақ осыдан кейін алданған атыраулықтар ешқандай қызмет пайдаланбаған.

Бастапқыда жәбірленушілер саны 242 болған еді, бірақ сотқа дейін олардың 73-і ғана жетті. Сот отырыстарына сотталушыларды тергеу изоляторынан әкеліп тұр.

Фархат ӘБІЛОВ

18 қаңтар 2020, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.