Атырау, 24 желтоқсан 17:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Туған күнге сыйлық жасаған әйелге айыппұл салынды

3 837 рет қаралды


Атырау мамандандырылған әкімшілік соты шартты түрде сотталған әйелге пробация қызметі инспекторының телефон балансына 5 мың теңге төлегені үшін айыппұл салды.

Атырау облыстық ҚАЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 11 шілдесінде пробация қызметінің инспекторы Н.-ның ұялы телефонына 5000 теңге түскен. Кейін анықталғандай, оны "қамқорлығындағы" К.  оны туған күнімен осылайша құттықтамақ болған.

- Пробация инспекторы бұл фактіні дереу Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне хабарлап, бұл әйелге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Өйткені қызметкерлерге сотталушылар тарапынан ешқандай, соның ішінде ұялы телефон балансын толтыру түрінде сыйлықтар жасалмауы тиіс, - деді ҚАЖД баспасөз қызметі.

Әкімшілік сот ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 676-бабына (Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруi) сәйкес, К.-ге 200 АЕК (505 мың теңге) көлемінде айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Фархат ӘБІЛОВ

15 қараша 2019, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.