Атырау, 5 желтоқсан 11:32
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жылжымалы есірткі дүкені

Сурет
4 376 рет қаралды


Полиция департаментінің қызметкерлері психотроптық дәрілік препаратты заңсыз сатқан Атырау қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады.

- Күдікті Құнанбаев көшесіндегі №30 «А» үйдің жанында ұсталды. Тінту кезінде 40 трамадол пластинкасы мен көзге тамызатын тропикамид препаратының 25 данасы табылды. Дәрігердің рецептісі бойынша берілетін дәрілік препараттарды заңсыз сатқаны үшін жауапқа тартылады, - деп хабарлады Атырау облыстық ДП баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған суреттер


Трамадол — психотроптық апиынды анальгетик, жоғары дозада дағдылануды және алғашқы қабылдағаннан кейін тәуелділікті тудырады. Оны үнемі пайдалану ағзаның және психиканың қайтымсыз күйреуіне әкеледі.

Тромикамид - есірткіні қабылдау сезімін күшейтеді және нашақорға негізгі заттың дозасын «үнемдеуге» немесе анағұрлым күшті эйфориялық реакцияны тудыруға мүмкіндік береді. Осылайша, бұрын қолданылған есірткіге құштарлық артып, Тропикамидтің өзіне тәуелділік пайда болады.

13 қараша 2019, 22:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.