Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Прокурор бұрынғы облыс әкімінің орынбасары Сайлауоваға 7 жыл сұрады

5 080 рет қаралды


Бүгін, 21 қаңтарда №2 қалалық сотта Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрсәуле Сайлауоваға, білім басқармасының бұрынғы басшысы Қайырғали Кенжеғалиевке, оның орынбасары Роза Қабдоловаға, жеке кәсіпкер Н.Мәжитоваға, сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлері Г.Қабекеновке, К.Иманғазиеваға, К.Жамиловаға және Б.Забеновке қатысты сот процесі жалғасты. Процесске судья Жұмағали ТАШИМОВ төрағалық етті.

Бүгін тараптардың жарыссөзі басталды, әзірге тек мемлекеттік айыптаушы сөз сөйледі. Прокурор Досбол БАҒЫТЖАНОВ өз сөзінде қылмыстық іс бойынша негізгі 14 эпизодқа тоқталып өтті.

Сотталушылар лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу және ысырап ету, қорқыту жолымен пара алды деп айыпталып отыр.

Прокурор Сайлауованы «Құрмет» орденінен айырып, 7 жылға, Кенжеғалиевті 3 жылға, Қабдолованы 7 жылға, Мәжитованы 7 жылға, Қабекеновті 3 жылға бас бостандығынан айыруды, Иманғазиева, Жамилова мен Забеновті 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 қаңтар 2020, 17:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.