Атырау, 5 желтоқсан 10:59
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау полицейлері педофилды Ресейден іздеді

3 010 рет қаралды


Әлеуметтік желіге кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықпен жыныстық әрекеттер жасады деген күдікпен РФ азаматына бағдарлау хабарлама түсті. Аудиожазбада Саратовтан келген Сергей Корнилов есімді біреу Ресейде 20 баланы зорлап үлгерлен, қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында болуы мүмкін деген ақпарат айтылады. Аудиожазбаға күдіктінің суреті және ол туралы қысқаша деректер қоса беріледі.

«АЖ» Атырау облыстық Полиция департаментіне хабарласып, осы жайт туралы түсініктеме беруді сұрады.

- Аудиожазбада айтылған адам РФ аумағында федералды іздестірілуде. Біздің өңірде ол табылған жоқ. Жедел түрде берілген аудиожазбадағы хабарлама Атырау облысы аумағындағы қылмыстың алдын алу мақсатын көздейді, - дейді баспасөз қызметінде. Және алаңдауға себеп жоқ депгенді қоса хабарлады. 

Фархат ӘБІЛОВ

30 желтоқсан 2019, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.