Атырау, 14 наурыз 09:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

​Қырылған балыққа қатысты іс бойынша сотталғандар үкімге шағымданды

2 959 рет қаралды


Естеріңізге сала кетсек, 25 желтоқсанда қызметін тоқтатқан «Атырау Су Арнасы» КМК-ның бұрынғы директоры Руслан ҚҰРМЕТОВ, оның орынбасары Виктор СУЩЕНКО және су тазарту қондырғыларының бастығы Михаил ЧУРСИН 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын.

Сол күні үкім жарияланғаннан кейін адвокат Амантай ДҮСІПОВ «АЖ» тілшісіне сотталғандар мен қорғаушы тарап сот шешімімен келіспейтінін және оған шағым беретінін айтқан еді.

- Заңда белгіленген 15 күндік мерзім ішінде біз апелляциялық шағым дайындадық. Оны қараудың нақты күні кейінірек белгілі болады, - деп хабарлады А.Дүсіпов.

Анастасия АЛЮШИНА

15 қаңтар 2020, 14:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.