Атырау, 22 қараша 21:28
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Қырылған балық үшін екі жарым жыл жаза алды

Сурет Бейнежазба
4 363 просмотра


№2 Атырау қалалық сотында өткен жылдың желтоқсан айында Жайықта балықтың жаппай қырылуына қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды. Сотталушының үшеуіне де бас бостандығынан айыратын жаза тағайындалды.

Руслан ҚҰРМЕТОВ ҚР ҚК 371 бабы, 2 тармағы («Елеулі зиян келтіруге әкеп соқтыратын салғырттық»),  328 бабы, 3 тармағы  («Қоршаған ортаға айтарлықтай залал келтіре отырып, суларды ластау») және 204 бабы, 2 тармағы  («Абайсызда жасап, ірі залал келтіріп бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру») бойынша кінәлі деп танылып, барлығын қосқанда 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына үкім етілді.


Виктор СУЩЕНКО және  Михаил ЧУРСИН ҚР ҚК 204 бабы, 2 тармағы және 328 бабы, 3 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, барлығын қосқанда әрқайсысы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.



Cот «Атырау Арнасы» КМК-нен Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының пайдасына 13 млн 924 мың теңге, Жайық-Атырау бекіре зауытының пайдасына 429 млн 438 мың теңге, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС-нің пайдасына 1 млрд 500 млн 859 мың теңге материалдық залалды өндіріп алу туралы қаулы шығарды. Осы сот шешімін ерікті түрде орындау үшін қаулы шығарылған күннен бастап 6 ай мерзім белгіленді.

Сот үкімі жарияланғаннан кейін сотталушылар залда қамауға алынды. Олардың жаза өтеу мерзімі бүгіннен, 25 желтоқсаннан басталды.

Адвокаттар үкімге шағымданатындарын дереу мәлімдеді.


Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

25 желтоқсан 2019, 19:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.