Атырау, 29 наурыз 01:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Браконьерлер қайтадан қамалды

3 602 просмотра


Атырау облыстық прокуратурасы 5 қыркүйекте теңізде 264 кг бекіре тұқымдас балықпен ұсталған браконьерлерді қайтадан қамауға алуға қол жеткізді.  Бұған дейін тергеу соты бұларды қамақта ұстауға санкция беруден бас тартып, ұсталған екі азаматты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатып жіберді. Ол кезде олардың тұрақты тіркеуде тұрғаны және олардың асырауында жас балалары мен егде жастағы ата-аналары болғаны назарға алынған еді.  

- Табиғат қорғау прокурорының өтініші бойынша облыстық сот тергеу судьясы қаулысының күшін жойды, тергеуде жүргендердің екеуі де тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамалды, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. Іс 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейтін ҚР ҚК 335-бабының 4-тармағы (Ірі залал келтіре отырып балық ресурстарын заңсыз өндіру) бойынша тергелуде. 

Фархат ӘБІЛОВ

20 қыркүйек 2019, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.