Атырау, 6 шілде 00:27
 ашықВ Атырау +35
$ 476.27
€ 515.47
₽ 5.41

Қымбат үйдегі арзан пәтерлер туралы ертегілер

3 196 просмотра


Атырау қаласының №2 сотында «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қаралды. Жергілікті тұрғын адамдарға жаңа элиталық «Zaman» тұрғын үй кешенінен арзан пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алысымен хабарсыз кететін болған.   

Сот отырысында анықталғандай, сотталушы М.Д. өткен жылдың 28 маусымында жергілікті тұрғынға «Zaman» тұрғын үй кешенінде нарықтық бағадан төмен бағамен пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, 1 млн 500 мың теңге көлемінде аванс алған. Дәл осылай ол тағы бір әйелді алдаған.  

- Жәбірленушілердің бірі сот отырысында М.Д.-ға қатысты қылмыстық істі тоқтатып, сотталушыны 1 500 000 теңге көлемінде ақша қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады, өйткені барлық сома толығымен өтеліп, бұл  екеуара медиациялық келісімге келген, - деп хабарлады №2 қалалық соттың баспасөз қызметі.

Қылмыстық істі қарау барысында прокурор екінші эпизод бойынша айыптауды өзгертіп, ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) алаяқтық әрекеттерін ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық, яғни бөтен мүлікті алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен жымқыру) қайта саралауды сұрады. Ал кейін екінші жәбірленуші де сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады. Осылайша, іс тоқтатылды.  

Фархат ӘБІЛОВ

13 қаңтар 2020, 17:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.