Атырау, 25 желтоқсан 02:19
 бұлттыВ Атырау -11
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Басқа жаңалықтар

Аулалар абаттандырылады Басқа жаңалықтар

Аулалар абаттандырылады

Наурызда dialog.egov.kz сайтындағы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың блогында Атырау тұрғыны Елена Волохинаның: «Азаттық даңғылы, 86 үйдің ауласынан ойын алаңын салуға жәрдемдесуіңізді сұраймыз. Бұл үйде көп бала бар, оларға бұл алаң өте қажет» деген мазмұнда хат жарияланды. Ал жалпы Атырауда көппәтерлі үйлердің ауласының көпшілігі абаттандыруды қажет етеді.  Жақында қалалық ТКШ бөлімі тендер өткізілетіндігін жариялады. Тізімге 6 аумақ енген: Авангард 3 ықшам ауданындағы №31-32 үйлер; Азаттық, 71; Молдағалиев 5,7; Балықшы 26, 26«а»; Махамбет көшесі, 128, 128«а»; Нұрсая ықшам ауданы 85, 86, 87 үйлер. Жұмыстардың жалпы құны - 506 млн теңге. 26 сәуір 2019, 12:17 3 931 рет қаралды
Сақтансаң сақтармын Басқа жаңалықтар

Сақтансаң сақтармын

Жұмысқа келе жатып, жол бойындағы Жайыққа суы ағып жатқан құбырға назар аудардым. Бұл - «River Palace» қонақ үйінің тұсындағы парк салынып жатқан жағалауда. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде де бұл туралы дабыл қағыпты. Жақында Жайықтың балығына қатысты орын алған ахуалдан кейін бұл түсінікті де... Бейнежазба 26 сәуір 2019, 15:08 4 261 рет қаралды
Азғырға ақша асықпай келеді Басқа жаңалықтар

Азғырға ақша асықпай келеді

Құрманғазы ауданы орталығынан 300 шақырым жырақта жатқан  Азғыр өңірі тұрғындары зейнетақы, жәрдемақы және жалақыларын Қазпочтаның жергілікті бөлімшесінен алады. Алайда өткен жылдан бері аудандық почта торабынан бөлінген жалғыз «УАЗ» автокөлігі бұзылып, ақша уақытылы жеткізілмей жатыр. 24 сәуір 2019, 11:56 4 447 рет қаралды
Таршылық тартып тұра ма? Басқа жаңалықтар

Таршылық тартып тұра ма?

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде судьялар мен адвокаттар, пенитенциарлық мекеме қызметкерлері тергелушілер мен сотталушыларға қатысты ахуалды талқылады. Атап айтқанда, шартты түрде сотталған жұмыссыздар үшін 80 мың теңгенің ақша еместігі, олардың көпшілігінің «шартты түрде» бостандықта жүріп, қайталап қылмыс жасап, түрмеге отыратындығы анықталды. Сурет 24 сәуір 2019, 15:39 4 518 рет қаралды
Қоштасу әдемі де қарапайым болу керек Басқа жаңалықтар

Қоштасу әдемі де қарапайым болу керек

Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза ШАҢГЕРЕЕВА өткізген брифингте сауықтыру ақысын толық алмаған педагогтар, мектеп бітіру кештерін қарапайым өткізу және орыс сыныптарында мұғалімдердің жетіспеуі туралы әңгіме болды. Сурет 24 сәуір 2019, 16:01 4 647 рет қаралды
Тесілген қаңылтыр қаптама қолды болмайды Басқа жаңалықтар

Тесілген қаңылтыр қаптама қолды болмайды

15 сәуірде кезекті жылыту маусымы аяқталды. Әдеттегіше «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте) жасалған жұмыстар туралы есеп берді. Оның пікірінше, маусым ойдағыдай өтті. Кәсіпорын апатты жағдайларды болдырмай, тұтынушыларды үзіліссіз жылумен қамтамасыз еткен. 20 сәуір 2019, 16:59 4 563 рет қаралды
Сот хроникасы Басқа жаңалықтар

Сот хроникасы

Махамбет аудандық соты ҚР ӘҚБтК-ның 73-2 бабы 1 бөлігімен (Ұрып-соғу) құқық бұзушы Б-ға қатысты істі қарады. Оқиға 2019 жылдың наурызында орын алған. Енесі Махамбет ауылында тұратын келінімен жанжалдасып, ішінен ұрған. Алайда сотта келіні енесіне кешірім беріп, өзара татуласуына байланысты іс қысқартылды.  19 сәуір 2019, 14:05 4 292 рет қаралды
Борандатқан бесқонақ әбден састырды Басқа жаңалықтар

Борандатқан бесқонақ әбден састырды

Кешегі жауын-шашын салдарынан мұнайлы астана көшелері суға кетті. Ал бүгін, 18 сәуірде жауған қар тұрғындарды әбігерге салды: қала ішіндегі көлік қозғалысы қиындап, әуе рейстері ұшпай, көп қабатты үйлердің жертөлелері суға кетті, жарық өшіп қалды. Коммуналдық қызметтер үлгере алар емес. Сурет Бейнежазба 18 сәуір 2019, 12:41 5 889 рет қаралды
Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі? Басқа жаңалықтар

Балық хлордан қырылған. Бұл кімнің ісі?

Атырауға ҚР сенатының депутаты Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ бастаған түрлі ведомостволардың шенеуніктер делегациясы айта-айта жауыр болған тақырып - балықтың қырылу мәселесі бойынша  келді. Жергілікті жұртшылықпен кездесу кезінде ҚР ішкі істер министрлігінің тергеу департаменті бастығының орынбасары Мұхтар ҚОЖАЕВ 3 сәуірде сараптаманың алғашқы нәтижелері алынғанын, соған сәйкес, өткен жылдың желтоқсанында Жайықтағы балықтың хлормен уланғанын мәлімдеді.  Қазір тергеу ісі бұл химиялық затты қандай нысандар тастауы мүмкін екенін анықтап жатыр. Сурет 16 сәуір 2019, 17:34 4 349 рет қаралды
Бәрі де балық туралы Басқа жаңалықтар

Бәрі де балық туралы

Атырауға келген «Балық шаруашылықтары қауымдастығы - BD» ЗТБ басшылары мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС (биылғы ақпаннан бастап Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деп аталады) директоры Қуаныш ИСБЕКОВ жергілікті балық аулау кооперативтерінің төрағаларымен кездесті. Кездесуде салықтар, теңіз флоты, Жайықтағы желтоқсанда болған апаттың себептерін анықтауға әлі де кеш еместігі туралы әңгіме болды. Сурет 15 сәуір 2019, 11:17 4 288 рет қаралды
«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек Басқа жаңалықтар

«Атырау Балықтың» орнына тұрғын үй кешені бой түземек

Бұрынғы балық өнеркәсібінің алпауыты «Атырау Балықтың» орнына көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатын болды.  Өткен ғасырдың 30 жылдарында құрылған Гурьев балық консерві комбинатының КСРО-ға танымалдығы туралы айтудың қажеті де жоқ деп ойлаймын. Комбинат қалатүзуші кәсіпорындардың бірі болып есептелді және Гурьевтің көптеген тұрғындары сонда еңбек етті.   12 сәуір 2019, 15:48 5 230 рет қаралды
Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді Басқа жаңалықтар

Ұшқан шатырдан ешкім зардап шекпеді

Бүгін, 12 сәуірде сағат 14 шамасында Атырауда Балықшыдағы Құнанбаев көшесінде қатты ұйтқыған желдің екпінімен бес қабатты үйдің шатыры ұшып кетті. 125 шаршы метр болатын жабын өтіп бара жатқан адамдардың төбесінен ұшып өтіп, кетіп бара жатқан жеңіл көліктердің үстіне түсті. Бақтарына қарай, ешкім зардап шеккен жоқ. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 12 сәуір 2019, 15:59 4 551 рет қаралды
Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар Басқа жаңалықтар

Үйден қашқан бала, көпірден секірген қыздар

10 сәуірде Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ төрағалық етуімен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – аймақ тұрғындарының қауіпсіздігі.  Сурет 11 сәуір 2019, 20:32 3 560 рет қаралды
Қолға түспейтін браконьерлер Басқа жаңалықтар

Қолға түспейтін браконьерлер

Қазір балықтардың уылдырық шашатын кезі: Браконьерлер түнде де, күндіз де Жайыққа шығады, ал, «Бекіре-2019» акциясына қатысушылар оларды ұстауға және өзенді аулардан тазартуға тырысады. «АЖ» тілшісі Полиция департаменті қызметкерлерімен бірге рейдке шықты. Түн жамылып келе жатып, неге екені белгісіз, ұстатпайтын Джо туралы ежелгі әзілді есіне түсіріп, мырс етті. Дегенмен, қазіргі жағдайда керісінше, браконьерді құрықтау өте қажет. Алайда, бәрібір ұстатпайды-ау.  Сурет Бейнежазба 11 сәуір 2019, 23:02 3 867 рет қаралды
Атыраудағы марафон Басқа жаңалықтар

Атыраудағы марафон

Жексенбіде, 14 сәуірде жыл сайынғы «Atyrau Marathon – 2019» шарасы кезінде - сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін Орталық көпір – Сәтпаев даңғылы - Әбілқайыр хан даңғылынан «Сұлтан Палас» мейманханасына дейін көлік қозғалысы тоқтатылады. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аталмыш көшелердегі барлық қиылыстар бойынша жүре алмайды. Бұл туралы Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 10 сәуір 2019, 17:07 3 169 рет қаралды
Қайыр тілеу үшін баланы «жалға» алған Басқа жаңалықтар

Қайыр тілеу үшін баланы «жалға» алған

8 сәуірде кеште қоқыс жәшігінің жанынан табылған 9 айлық баланың анасын іздеген атыраулық полицейдің үндеуі әлеуметтік желіні шулатқан еді. «АЖ» тілшісі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап көрді.  Бейнежазба 9 сәуір 2019, 21:06 3 556 рет қаралды
Зауыт үшін бір жарым метрлік бекіре ұсталды Басқа жаңалықтар

Зауыт үшін бір жарым метрлік бекіре ұсталды

Дәстүрлі «Бекіре-2019» балық қорғау акциясының алғашқы аптасында 38 табиғат қорғау заңнамасын бұзу анықталды. Оның ішінде, 32-сі Атырау облысының аумағына, 4-еуі Батыс Қазақстан облысына, 2-еуі Маңғыстау облысына тиесілі. Браконьерлерден 700 кг балық, оның ішінде 109 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, екі қылмыстық іс қозғалды. Сурет 8 сәуір 2019, 16:14 4 104 рет қаралды
Браконьерлер ұзамай ұсталды Басқа жаңалықтар

Браконьерлер ұзамай ұсталды

4 сәуірде рейд барысында балық қорғау қызметкерлері Исатай ауданының Жанбай ауылына жақын Каспийдің солтүстік бөлігінен «Ямаха-40» аспа моторлы «Будара» қайығын ұстады. Алайда екі браконьер бой тасалап үлгерді. Толықтырылды 8 сәуір 2019, 16:29 2 856 рет қаралды
Атыраудың аруы Басқа жаңалықтар

Атыраудың аруы

Атырау қаласында өткен «Мисс Атырау 2019» сұлулық байқауының финалында 17 жастағы атыраулық бойжеткен Асылжан НУРАЛИНА жеңімпаз атанды. Көз тартар сыртқы көріктеріне өнерлері жарасқан, тіпті Калашников автоматын тез шашып-құрастыра алатын хас сұлулар арасында бәсеке қатты болды.  Сурет 6 сәуір 2019, 19:15 4 099 рет қаралды
Екпеден бас тартқандарға айыппұл салына ма? Басқа жаңалықтар

Екпеден бас тартқандарға айыппұл салына ма?

1 сәуірден бастап Атырау облысының емханаларында қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы құрамдастырылған вакциналарды қолдану арқылы екпе салудың ауқымды науқаны басталды. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде хабарлады. 5 сәуір 2019, 16:35 2 675 рет қаралды
«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер» Басқа жаңалықтар

«“Мүрдехана” емес, “зертхана” деңіздер»

4 сәуірде Атырау қаласындағы №4 мектепте қалалық әкімдік өкілдері туберкулезге қарсы күрес ауруханасы жанындағы Сарыөзек ықшамауданының тұрғындарымен кездесу өткізді. Мұның алдында осы ықшамаудан тұрғындарының бір тобы қала әкімі Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫНА осы жерде салына бастаған «Сот сараптамасы орталығы» институтының филиалы ғимаратының құрылысын басқа жерге көшіру талабымен жүгінген еді. Сурет 5 сәуір 2019, 16:53 3 153 рет қаралды
Тақымы мықты шәкірттер Басқа жаңалықтар

Тақымы мықты шәкірттер

Биылғы оқу жылында Атырау облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатында  «Ат спорты клубы» құрылып,  жұмысын бастады. Оқушылар Ұлттық спорт федерациясының қолдауымен аптасына бір рет қала шетіндегі демалыс базаларына барып, атпен шауып үйренеді. Үйірменің басты мақсаты - оқушыларға ат үстінде елін, жерін қорғап, осынау ұланғайыр ұлы даланы сақтап қалған ата-бабаларының тарихымен таныстыру. Сурет 4 сәуір 2019, 09:36 5 521 рет қаралды
Пікірталаста ақиқат тумады Басқа жаңалықтар

Пікірталаста ақиқат тумады

Осы мәселе бойынша түрлі отырыстар мен жиналыстар, тыңдаулар өткізіліп жатса да, әлі күнге дейін Жайықтағы балықтың жаппай қырылу себебі анықталмады. Атырауда «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі осындай шаралардың бірін - «Қоғамдық экологиялық бақылау – Жайық өзеніндегі балықтың қырылу себептерінің объективтілігін бағалау» деп аталатын пікірталас алаңын ұйымдастырған еді. Атауы айқайлап тұрғанымен, айтар түйіні бірдей: балықтың неден қырылғаны - белгісіз. 4 сәуір 2019, 16:58 1 640 рет қаралды
Итбалықтар күте тұрады Басқа жаңалықтар

Итбалықтар күте тұрады

Каспийдің қазақстандық бөлігінде жоспардан тыс көп күндік әскери жаттығулардың өтуіне байланысты ресейлік ғалымдармен бірлескен Каспий итбалықтарының санын зерттеу жұмыстары келесі жылға қалдырылды. Естеріңізге салсақ, 2005 жылдан бастап Солтүстік-Каспий жобасының операторы «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы итбалық сандарын әуеден есепке алу жұмыстарын жүргізген болатын. Соңғы рет мұндай есеп 2012 жылы жасалған. 7 жылдан кейін әуеден бақылау жұмыстары биылғы ақпан-наурыз айларында жалғасуы тиіс болатын, алайда болмады. 3 сәуір 2019, 15:06 5 888 рет қаралды
Әуесқой балық аулаудың соңғы күні және ағаш тасасындағы жасырын камера Басқа жаңалықтар

Әуесқой балық аулаудың соңғы күні және ағаш тасасындағы жасырын камера

Атырау облысында 1 сәуір мен 15 маусым аралығында - балық уылдырық шашатын кезеңде Жайықтан әуесқой балық аулауға тыйым салынады.  Ал Қиғаш өзеніндегі бүкіл өзектер мен каналдарда, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, бұл тыйым 20 сәуір мен 20 мамырға дейін аралықта қолданыста болады. Бұл туралы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ хабарлады. Сурет 2 сәуір 2019, 10:43 4 572 рет қаралды
«Әке, тоқташы, түсіп қалайықшы!» Басқа жаңалықтар

«Әке, тоқташы, түсіп қалайықшы!»

29 наурызда кешкісін Азаттық даңғылының бойымен келе жатқан Toyota Hіace көлігі Балықшыға қарай бұрылатын «Молекула» айналмасында Nissan Maxima көлігімен соғысып, көкөніс павильонына «кіріп кеткен». «Тойота» рөлінде 32 жастағы мас жүргізуші, салон ішінде әйелі мен екі баласы болған. Көлікке соққанға дейін бейнетіркегішке әйелі мен балаларының «Жай жүрші, балаларыңды ойлашы!», «Әке, тоқташы, біз түсіп қалайықшы» деп жалынған дауыстары жазылып қалыпты. Толықтырылды Бейнежазба 2 сәуір 2019, 11:12 7 713 рет қаралды
«Ойылдағы балықтың қырылуы Тайсойғандағы мұнай барлау жұмыстарымен байланысты емес» Басқа жаңалықтар

«Ойылдағы балықтың қырылуы Тайсойғандағы мұнай барлау жұмыстарымен байланысты емес»

ҚР Энергетика министрлігі Ойыл өзеніндегі балықтардың қырылуы Атырау облысы Қызылқоға ауданының Тайсойған құмдарындағы геологиялық барлау жұмыстарымен байланысты деген қауесетке түсінік берді. Министрліктің баспасөз қызметі техногендік факторды жоққа шығарып отыр. 1 сәуір 2019, 11:49 3 591 рет қаралды
Атырау әуежайында байқаусызда оқ атқан полицей бұрын «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған Басқа жаңалықтар

Атырау әуежайында байқаусызда оқ атқан полицей бұрын «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған

Атырау халықаралық әуежайында полиция қызметкерінің табельдік тапаншасынан абайсызда оқ ату фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы (Салғырттық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 31-наурызда Астанадан ұшып келген ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Марат ӘЛКЕНОВ мәлімдеді. Сурет 31 наурыз 2019, 17:56 4 721 рет қаралды
Ойылда балық қырылды Басқа жаңалықтар

Ойылда балық қырылды

Әлеуметтік желіде қырылып, өзен жағалуына шығып қалған мол балық (көбі - мөңке) түсірілген бейнежазба таралды. Автордың айтуынша, бұл Ойыл өзенінің Қызылқоға ауданы Ойыл округіне қарасты Көкмешіт деген жердің  тұсы екен.  Бейнежазба 29 наурыз 2019, 12:14 4 127 рет қаралды
Атырауда интернат тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып-соққан Басқа жаңалықтар

Атырауда интернат тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып-соққан

Атырауда психоневрологиялық ауытқулары бар 98 бала тәрбиеленетін мектеп-интернатқа жүргізілген тексеру жұмыстары тәрбиешілердің мүгедек балаларға қатыгездікпен күш қолданатындығын анықтады. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. 29 наурыз 2019, 16:43 3 871 рет қаралды