15 сәуірде кезекті жылыту маусымы аяқталды. Әдеттегіше «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ (суретте) жасалған жұмыстар туралы есеп берді. Оның пікірінше, маусым ойдағыдай өтті. Кәсіпорын апатты жағдайларды болдырмай, тұтынушыларды үзіліссіз жылумен қамтамасыз еткен.
- Өткен жылы «Береке» ықшамауданы жылу жүйесіне қосылып, Балықшы мен Нұрсая тұрғын үй массивтері автономды қазандықтардан орталық жылу жүйесіне жалғанды. Барлығы жүзге жуық нысан жылу жүйесіне қосылды. Жылу жүктемесі сағатына 36 гигакаллорийге өсті. Кәсіпорын тарихында бір жыл ішінде мұндай өсім болған емес. Бұл, әрине, қуанарлық жайт, тұтынушылар көбейді, бірақ жаңа проблемалар мен қиындықтар да пайда болды.
Н.Шамшатов жылу қызметкерлері үшін қазір орталық көлік көпірінің тіреулеріндегі ыстық су трафигі өзекті мәселеге айналғанын атап өтті. Қалаға сол жағадан оң жағаға жылу тасымалдайтын қосымша құбыр желісін салу керек.
- Жылу көзі - Атырау ЖЭО қаланың сол жағалауында орналасқан. Жылу орталық көпірдегі екі құбыр арқылы ғана оң жағалауға тасымалданады. Олардың өткізу мүмкіндіктері шексіз. Ал оң жағалау өте қарқынды дамып келеді, ескі қала жаңарып, жаңа ықшамаудандар салынуда, тиісінше жылу жүктемесі де өсуде. Көп ұзамай бәрін жылумен қамтамасыз ету проблемасы пайда болады. Оң жағалаудағы жылу тапшылығы қазірдің өзінде сезіледі. Біз Алматы қаласындағы энергетика және байланыс университетімен 2030 жылға дейін Атырау қаласын жылумен жабдықтау жүйесін келешекте дамыту жобасын әзірлеу туралы келісім жасадық. Алдағы айларда осы құжатты аламыз.
Өткен жылы кәсіпорын электр қозғалтқыштарының жиілік түрлендіргіштерін (14 дана) орнатқан. Нәтижесінде жылу беру маусымында 17 млн теңге миллион киловатт-сағат үнемделді. Бұдан басқа, ұзындығы 7,3 километр болатын көбікполиуритан жылу оқшаулағыш орнатылды. Компания жылу оқшаулау үшін мырышталған қаңылтыр қаптаманы да қолданады. 2014 жылдан бастап 52 шақырымнан астам жылу жүйесі осы материалмен оқшауланды. Айтпақшы, жылу трассаларының қаңылтыр қаптамалары қайық жасау үшін атыраулық браконьерлерге ұнайды екен. Сондықтан да, оқшаулағаннан кейін жылу қызметкерлері қаңылтар қаптамаларды тесіп тастайды. Сүзекі сияқты болып қалғанмен, браконьерлер оған тиісе алмайды екен.
Бұдан басқа, маусым ішінде 1,8 шақырым ыстық сумен жабдықтау құбырлары болат құбырлардан пластмассаға ауыстырылды. Алдағы бес жылда «АЖЖ» АҚ ыстық сумен жабдықтау құбырларын түгелдей пластикке ауыстыру жұмыстарын аяқтамақ.
Маусым ішінде кәсіпорын көрсеткен қызмет көлемі жоспар бойынша 615 мың гигакалорий деп белгіленген. Іс жүзінде ол 544 мың гигакалорий болды. Бұл қыстың жылы болуымен байланысты. Нәтижесінде, кәсіпорын пайда түсіре алмады, ал жөндеу материалдарының және жанар-жағармай материалдарының қымбаттауына байланысты шығындар 154 миллион теңгеге көп болды. Маусым нәтижесі: «АЖЖ» АҚ 121 млн теңге шығынға ұшырады.
- Жыл сайын шығынмен жұмыс істейміз, алдағы уақытта да осылай жалғасады. Өйткені, монополияға қарсы департамент бізге осы көрінеу шығынды тарифті бекітіп берді, - деп қорытындылады Н.Шамшатов.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор