Жұмысқа келе жатып, жол бойындағы Жайыққа суы ағып жатқан құбырға назар аудардым. Бұл - «River Palace» қонақ үйінің тұсындағы парк салынып жатқан жағалауда. Айтпақшы, әлеуметтік желілерде де бұл туралы дабыл қағыпты. Жақында Жайықтың балығына қатысты орын алған ахуалдан кейін бұл түсінікті де...
Біз Атырау облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұржан МЫРЗАБОЛАТОВПЕН хабарластық.
- Бұл құрылыс кезінде қоршаудан өтіп кірген өзен суы. Оны сорғымен кері тартып, Жайыққа ағызады. Бүгін су инспекциясы тексеру жүргізіп, ешқандай заң бұзушылық таппады, - деп түсіндірді Мырзаболатов.
Анастасия АЛЮШИНА
Суретті және бейнежазбаны түсірген автор