Атырау, 17 қыркүйек 22:11
 дождьВ Атырау +23.3
$ 444.88
€ 513.26
₽ 5.28

Браконьерлер ұзамай ұсталды

Толықтырылды
3 129 рет қаралды


4 сәуірде рейд барысында балық қорғау қызметкерлері Исатай ауданының Жанбай ауылына жақын Каспийдің солтүстік бөлігінен «Ямаха-40» аспа моторлы «Будара» қайығын ұстады. Алайда екі браконьер бой тасалап үлгерді.

- Қайықты тексеру барысында 32 келі бекіре тұқымдас балық, 98 келі сазан мен көксерке, сонымен қатар, синтетикалық моноталшықтан жасалған қытайлық 4 ау құралы табылды, - дейді аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ.

Кейінірек екі күдікті ұсталды. ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын заңсыз алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Фархат ӘБіЛОВ

8 сәуір 2019, 16:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.