Атырау, 25 қараша 02:01
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Азғырға ақша асықпай келеді

4 334 просмотра


Құрманғазы ауданы орталығынан 300 шақырым жырақта жатқан  Азғыр өңірі тұрғындары зейнетақы, жәрдемақы және жалақыларын Қазпочтаның жергілікті бөлімшесінен алады. Алайда өткен жылдан бері аудандық почта торабынан бөлінген жалғыз «УАЗ» автокөлігі бұзылып, ақша уақытылы жеткізілмей жатыр.

- Ақшасын уақытылы ала алмағандықтан тұрғындар газ, жарық, суға, несиесін кешігіп төлеуде,- дейді аудандық мәслихаттың депутаты Мансур ҚУАНЫШКЕРЕЕВ. - Несиесіне өсімпұл қосылады, жарықты өшіріп тастайды. Неге Азғыр өңіріне арнайы көлік шығармайды.

Аудандық мәслихаттың депутаттары осы мәселені көтеріп, «Казпочта» АҚ Атырау  облыстық филиалы былай жауап беріпті:

- Асан, Балқұдық, Сүйіндік ауылдық округтеріне аудан орталығынан қатынайтын «Уаз» автокөлігі 2015 жылы шыққан,  жолдың нашарлығынан соңғы кезде қайта-қайта істен шығып бұзылғандығын растаймыз, бірақ та маршрут тоқталған жоқ. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап ауа-райының қолайсыздығын ескере отырып, Атыраудан жоғарыда көрсетілген маршрут бойынша автокөлік бөлініп, аптасына бір рет почта тауарлары мен ақша жеткізеді. Бұдан басқа облыс әкімдігінің шешімі бойынша жақын арада Құрманғазы ауданына үш «Уаз» автокөлігі бөлінеді деп күтілуде.

Азғыр округінде еңбек ақыларын, әлеуметтік көмектерін екінші деңгейлі банктерден алатын тұрғындар да бар екен. Алыс өңірде бұл банктердің банкоматтары болмағандықтан, бұлар да ақшасын пошта арқылы алады. Бұл да ақша жетпеуге бір себеп. Жолсыздан «УАЗ» жете алмай жүрген ауылға цифрландыру қашан жетпек.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 сәуір 2019, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.