Атырау, 22 желтоқсан 12:15
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ойылда балық қырылды

Бейнежазба
3 537 просмотра


Әлеуметтік желіде қырылып, өзен жағалуына шығып қалған мол балық (көбі - мөңке) түсірілген бейнежазба таралды. Автордың айтуынша, бұл Ойыл өзенінің Қызылқоға ауданы Ойыл округіне қарасты Көкмешіт деген жердің тұсы екен. 

Балықтардың қырылғанын мұз ерігеннен кейін көріп тұрмыз. Негізі мөңке балшыққа да өте шыдамды, төзімді балық. Оның не себептен қырылғанын анықтау Атырау қаласына жіберілген лабораториялық зерттеуден кейін белгілі болады, алдын ала болжам бойынша  ауа жетпеуден өлген деп отырмыз, - Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ. - Бүгін балықтарды жинап, қоқыс полигонына алып барып, жоятын боламыз. Оған адам мен техника күші бөлінген.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

29 наурыз 2019, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.