Атырау, 25 қараша 01:29
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сот хроникасы

4 129 просмотра


Қызылқоға аудандық соты М. есімді әйелге қатысты ҚР ҚК 188 бабы 3 тармағы 1 бөлігімен (Ұрлық) қылмыстық істі қарады. Ол үйде адам жоқтығын пайдаланып, қайын атасының үйінен киім-кешек, бағалы әшекей бұйымдар, ақша ұрлап, жәбірленушіге жалпы сомасы 2 млн 800 мың теңге материалдық шығын келтіреді. Қылмысы әшкереленген келіні ұрлығын мойындап, кешірім сұрады. Жәбірленуші кешірім беріп, медиация тәртібімен іс қысқарып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

***

Махамбет аудандық соты ҚР ӘҚБтК-ның 73-2 бабы 1 бөлігімен (Ұрып-соғу) құқық бұзушы Б-ға қатысты істі қарады. Оқиға 2019 жылдың наурызында орын алған. Енесі Махамбет ауылында тұратын келінімен жанжалдасып, ішінен ұрған. Алайда сотта келіні енесіне кешірім беріп, өзара татуласуына байланысты іс қысқартылды.

***

Махамбет аудандық сотында кәмелеттік жасқа толмаған баланы жұдырықпен ұрған Е-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 73-1 бабы 1 тармағы бойынша істі қарады. Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Алайда жәбірленуші тарап соттан кінәліге қатаң жаза қолдануды сұрады. Дегенмен, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алумен шектелді.   

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 сәуір 2019, 14:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.