Атырау, 25 қараша 02:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Зауыт үшін бір жарым метрлік бекіре ұсталды

Сурет
3 817 просмотра


Дәстүрлі «Бекіре-2019» балық қорғау акциясының алғашқы аптасында 38 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде, 32-сі Атырау облысының аумағына, 4-еуі Батыс Қазақстан облысына, 2-еуі Маңғыстау облысына тиесілі. Браконьерлерден 700 кг балық, оның ішінде 109 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленіп, екі қылмыстық іс қозғалды.


- Талдау жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтар санының азайғанын көрсетіп отыр, - дейді аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ. - Дегенмен, заңсыз балық аулау жалғасып келеді. Мысалы, 2 сәуірде Индер ауданында балық қорғау қызметкерлері  5 адамды ұстап, олардан жалпы салмағы 85 келі қара балық пен 2 синтетикалық моноталшықтан жасалған тыйым салынған ау құралын тәркіледі. Бір апта ішінде Жайықты сүзгенде, жалпы салмағы 84 келі қара балық түскен 4 браконьерлік ау құралы табылды. Күн сайын Жайық арнасынан браконьерлік аулау құралдарын сүзу және тазарту жұмыстары жүргізіледі.

- «Бекіре-2019» барысында негізгі күштер қай жерге жұмылдырылған?

- Барлық бағыт бойынша жұмыс істейміз. Атап айтқанда, едәуір күш Исатай ауданының Жанбай ауылына жақын жерге шоғырландырылған. Ұтқыр топтың әрекеттерін жалпы үйлестіруді тікелей Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры жүргізеді.

- Маңғыстау облысындағы ахуал қандай?

- Ол жерде де балық қорғау акциясы жүргізілуде. Мысалы, 3 сәуірде Ақшұқыр ауылындағы «Рубеж-20» бекетінде Ақтау тұрғыны жүргізіп келе жатқан автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 77 келі болатын 19 дана бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді. ҚР ҚК-нің 339-бабы (Жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


- Көктемгі балық аулау маусымы қалай жүріп жатыр?

- Жұма күні балықшылар ұзындығы 1 метр 57 см бекіре мен 95 см шоқыр аулады. Мемлекеттік тапсырысты орындау барысында бекіре тұқымдас балық өсіру зауыттары үшін 10 өндіруші, соның ішінде 6 бекіре, 3 шоқыр және бір сүйрік балық ауланды. Жайық өзеніндегі көктемгі балық аулау маусымы 24 сәуірде, теңіз бөлігінде 9 мамырда және Құрманғазы ауданында 24 мамырда аяқталатынын атап өткен жөн.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор және аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының баспасөз қызметі ұсынған сурет

8 сәуір 2019, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.