Атырау, 25 қараша 02:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әуесқой балық аулаудың соңғы күні және ағаш тасасындағы жасырын камера

Сурет
4 252 просмотра


Атырау облысында 1 сәуір мен 15 маусым аралығында - балық уылдырық шашатын кезеңде Жайықтан әуесқой балық аулауға тыйым салынады.  Ал Қиғаш өзеніндегі бүкіл өзектер мен каналдарда, сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, бұл тыйым 20 сәуір мен 20 мамырға дейін аралықта қолданыста болады. Бұл туралы аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының ресми өкілі Олег ТУШКАНОВ хабарлады.

...31 наурызда Жайық жағасы балықшыларға толы болды.  Алайда балық аулау ләззатын (балық көп түсе қоймаса да) қарапайым қоқыс жәшіктері мен дәретханалардың жоқтығы бұзып тұрған еді. Жуырда, Әлиев көпірінің астында балық аулаған кезімде полицейлердің жерге темекі тұқылын тастаған үш балықшыны ұстағанына куә болдым.


- Тұқылды банкаға тастап едім, - деп ақталады Айбек есімді балықшы. – Бірақ полицейлер жерге лақтырдың деп болмайды. Енді учаскеге барып, анықтауға тура келеді.

- Ал олар қалай байқаған? Бұл жерде камера жоқ сияқты ғой, - дедім айналама шола қарап.

- Әне, ана жерде тұр, - деп ағаштардың бірін көрсетті. – Ешкімге көрінбейді, бірақ жақсы жұмыс жасайды. Полицейлердің күніне 5-6 балықшыны темекі тұқылын тастағаны үшін алып кетіп жатқанын байқадым.

Полиция департаментіндегілер үш балықшыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Шамасы, осы баптағы «қоғамдық орынды ластады» деген тармақ бойынша берілген жаза шығар. Енді олар 12 625 теңге айыппұл төлейді.


Көктемгі кәсіптік балық аулау маусымы басталды. Аумақтық инспекция ақпараты бойынша, 27 наурызда өзеннің төменгі «Кіші Дамбы» тартымында Жайық-Атырау бекіре зауытының қызметкерлері 90 сантиметрлік бекіре аталығы аулаған. Сол күні сәл кейінірек бекіренің шамамен осындай түрі «Төменгі Пешной» тартымында ауға түскен. Ал балықшылар кооперативтері қара балық аулап жатыр. Астана желтоқсандағы балықтың жаппай қырылуына байланысты биыл балық аулауға тыйым салады деген қауесет расталмады. 

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор

2 сәуір 2019, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.