Атырау, 25 қараша 02:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ойылдағы балықтың қырылуы Тайсойғандағы мұнай барлау жұмыстарымен байланысты емес»

3 220 просмотра


ҚР Энергетика министрлігі Ойыл өзеніндегі балықтардың қырылуы Атырау облысы Қызылқоға ауданының Тайсойған құмдарындағы геологиялық барлау жұмыстарымен байланысты деген қауесетке түсінік берді. Министрліктің баспасөз қызметі техногендік факторды жоққа шығарып отыр.

«Ойыл өзені балық шаруашылығы мақсатында қолданылмайды. Өзен арнасы Каспий мен Жайық өзендерінен алшақ орналасқан. Ойыл өзені Атыраудан 400 шақырым жерде ағып жатқандықтан өндіріс факторының су сапасына әсері жоқ. 100 шақырымнан астам қашықтықта мұнайгаз өндіретін «Сағыз Петролеум Компани» компаниясы жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен бірге, өзеннен 25 шақырым қашықтықта «Фирма Ада» ЖШС геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, 2018 жылдың ІІІ тоқсанында аяқтаған», - деп хабарлайды энергетика министрлігі. – Алдын ала ақпарат бойынша, Атырау облысы арқылы өтетін өзен учаскесінде бес тоннадай балық қырылған. Оқиға орнына Атырау облысының мемлекеттік органдарының, энергетика министрлігі және ауыл шаруашылығы министрлігі аумақтық бөлімшелерінің мамандарынан құралған комиссия барып, сапа құрамын анықтау үшін балық пен су сынамасын алды».

Естеріңізге салсақ, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өклдері балықтың қырылуының алдын ала себебі – оттегінің тапшылығы деп хабарлаған болатын.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

1 сәуір 2019, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.