Атырау, 25 желтоқсан 16:55
 ашықВ Атырау -9
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда интернат тәрбиешілері мүгедек балаларды ұрып-соққан

3 871 рет қаралды


Атырауда психоневрологиялық ауытқулары бар 98 бала тәрбиеленетін мектеп-интернатқа жүргізілген тексеру жұмыстары тәрбиешілердің мүгедек балаларға қатыгездікпен күш қолданатындығын анықтады. Бұл туралы Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Интернат тәрбиешілері ұзақ уақыт бойына балаларды ұрып-соғып, жұмыс істеуге мәжбүрлеген. Олар физикалық кемшіліктеріне байланысты ешкімге ештеңе айта алмаған.

- Олар тіпті бақылау камераларынан да ығыспаған. Өкінішке орай, 2018 жылдың желтоқсан айынан биылғы қаңтар айына дейінгі жазбалар ғана сақталған. Бірақ бұл да сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізуге жеткілікті болды, - дейді Атырау облысының прокуроры Ернат СЫБАНҚҰЛОВ.

Интернаттың 9 қызметкеріне қатысты ҚР ҚК-нің 140-бабының 2-тармағы (Тәрбиешінің кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, олар уақытша жұмыстан шеттетілген.

- Қылмыстық іс облыс прокурорының бақылауына алынды, - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Фархат ӘБІЛОВ

29 наурыз 2019, 16:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.