Атырау, 26 желтоқсан 00:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Сұрақ-жауап

Сұрақ-жауап

Электронды хат жазыңыз

- Бір танысымның 7 баласы бар. Олар 15 жылдан бері пәтер жалдап тұрады. Әйелі жұмыс жасамайды, отбасындағы жалғыз асыраушы - күйеуі. Ол да әлсін әлі қысқартуға ұшырап жатады. Әйелі жұмыспен қамту органдарына әлденеше рет хабарласқан, бірақ одан түк шықпады. Сондықтан ол жұмысқа орналасуға көмектесетін Астанадағы мекеменің мекен-жайын білуді өтінген еді. 9 наурыз 2011, 21:32 3 222 просмотра
Сұрақ-жауап

Көмек алу үшін тіркелу керек

- Мүгедекпін, көп жылдан бері полиартриттен жапа шегіп келемін. Бұрын мекен-жай бойынша №2 емханаға қаралатын едік, енді біздің СМП-136 ауданын Алмагүл ықшамауданындағы емханаға бекітіпті. Сырқатым бойынша дәрігерлер үйден қарап кететін. Алайда жаңа емхананың дәрігерлерін әзірге әлі көрген жоқпын. Маған «памперс» тиесілі болатын, бірақ қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оларды бөлмей отыр. Гигиена құралын алу үшін не істеу керек? 9 наурыз 2011, 21:35 2 644 просмотра
Сұрақ-жауап

«01» пультіне қосылу міндетті

- Жақында біздің кәсіпорынға Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттен өртке қарсы дабыл қағу жүйесін орталық «01» қызметінің орталықтанған пультіне қосу қажеттілігі туралы хабарлама келді. Бұл үдеріс қаншалықты міндетті? Өйткені біздің кәсіпорын дабыл қағу жүйесін орнату үшін бір мекемемен келісім-шартқа отырған болатын. Алайда оның пультке қосылуға лицензиясы жоқ. 9 наурыз 2011, 21:39 2 235 просмотра
Сұрақ-жауап

Әлеуметтік жарна болу керек

- Қазір сәби күтіміне байланысты декреттік демалыстамын. Мамыр айында жыл жарым уақыт толады, содан соң жұмысқа шығуға тиіспін. Алайда қазір қайтадан жүкті болдым. Ал басшылық бірнеше ай жұмыс жасап, кейін қайтадан декретке шыққанымды қаламай отыр. Маған тиесілі босанғанға дейінгі және кейінгі төлемдерімді, сондай-ақ егер мен жұмысқа шықсам және шықпаған жағдайда екінші сәбиімнің күтіміне байланысты берілетін жәрдемақыны қалай аламын? 9 наурыз 2011, 21:41 3 212 просмотра
Сұрақ-жауап

Заңсыз спирттік ішімдіктерді сату қымбатқа түседі

- Мен арақ-шарап өнімдерін лицензиясыз сататын бірнеше дүкендерді білемін. Олардың қызметін кімдер бақылауға алады және заңсыз спирттік ішімдіктерді сатқаны үшін салынатын айыппұл мөлшері қандай? 9 наурыз 2011, 21:44 4 173 просмотра
Сұрақ-жауап

Биыл жеңілдіктер жоқ

- Менің балам АИГИ колледжінде оқиды. Біз оқу жылының жарты ақшасын төлеп қойдық. Өзім жұмыссызбын. Күйеуім өмірден озған. Енді әкесі жоқ балаға колледж оқуының ақшасын жартылай төлеуге жеңілдік бар ма? Мен облыстық әкімдіктен сондай жеңілдік қарастырылған деп естіп едім. Бірақ, колледж ұстаздары ондай тәртіп бізге әлі келген жоқ дейді. 9 наурыз 2011, 22:20 3 427 просмотра
Сұрақ-жауап

Бәрін де комиссия шешеді

- Мен мектепте вахтершы болып жұмыс істеймін. Өзім 57-жылғымын. Келінім жедел-жәрдем қызметінде фельдшер болып жұмыс істейтін. Жұмыста жүріп 2003 жылы жол көлік апатынан көз жұмды. Ішінде 5 айлық баласы бар болатын. Артында екі ер бала қалды. Қазір үлкені 11 жаста, 6-сыныпта, кішісі 9 жаста, 4-сыныпта оқиды. Мен екеуін қамқорлығыма алып отырмын. Жедел-жәрдем қызметінен ай сайын 11 мың теңге жәрдемақы алып отырмыз. Ол аз. Мен балаларға үй сұраймын. Пәтер кезегіне тұрғанбыз. Бірақ, кезегіміз жылжымай тұр. 3 наурыз 2011, 17:29 2 604 просмотра
Сұрақ-жауап

Медициналық сараптамадан қайта өту қажет

- 1990 жылдары Менің бауырымның өкпесінің бір бөлігін отамен алып тастады. Оған қандайма жеңілдіктер қарастырылған ба? Мүгедектігі туралы анықтама ала ма? Қазір жұмыс істемейді. Денсаулығы жарамайды. Тез ентігіп қалады. 3 наурыз 2011, 17:27 2 315 просмотра
Сұрақ-жауап

Жауапкершіліктен қашуға болмайды

- Мен жеке кәсіпкермін. Құлсарыда медициналық қызмет көрсететін жекеменшік мекемем бар (ЖШС). Былайша айтқанда, емхана. Ақпанның 18-і күні бұрын жұмыс істеп кеткен қызметкерлеріміз жалақыларымызды толық ала алмай отырмыз деп прокуратураға арыз түсірген. Прокуратура екі күннен кейін тексерді. Тексеру алдында мен қызметкерлеріме жалақыларын берейін деп тұрдым. Және олардан талап-арызым жоқ деген қағаз жаздыртып алдым. Прокуратура тексеру барысында ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабының 2-бөліміне сәйкес, медициналық қызметкерлер медициналық сақтандырылмаған деген ретпен еңбекті қорғау департаментіне мәселені анықтау жөнінде хат жолдаған. Ал департамент өкілдері маған соның негізінде 400 АЕК-пен 600 мың теңгенің үстінде (1 АЕК – 1512 теңге) айыппұл салынатыны туралы хабарлап отыр. Білгім келгені, прокуратура мен департаменттің талабы орынды ма? ҚР ӘҚБтК-нің 67-бабы бойынша әкімшілік жауапкершіліктен босай алам ба? 3 наурыз 2011, 17:14 2 514 просмотра
Сұрақ-жауап

Көп балалы отбасылар үшін 6 мың теңге

- Менің төрт балам бар, олардың үлкені бірінші некеден болса, үшеуі екінші некеде дүниеге келді. Екінші күйеуіммен мен некеге отырмағаныммен балаларымның тегі соның атына жазылған. Мен алимент алу жөнінде шағымданғанмын, алайда, күйеуім төлемей отыр. Мен мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына көмек сұрап барғанымда ондағылар маған күйеуімнің алиментті төлемей отырғандығы жөнінде анықтама алып келуімді сұрады. Бүгінгі күні мен жұмыста жоқпын, ең кіші баламмен үйде отырмын, ол бір жасқа тола қойған жоқ. Маған мемлекет тарапынан қандай ма бір көмектер тиесілі ме? 2 наурыз 2011, 23:19 2 472 просмотра
Сұрақ-жауап

Полисіңізді ұмытпаңыз

- Міндетті сақтандыру келісімін жасаудан жалтарғаны үшін Әкімшілік кодексінің 175- бабы, 2-тармағына сәйкесті жеке тұлғаларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ал, көлікті басқаруда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру полисі бар-жоғы 1 АЕК көлемінде ғана (470-бап, 3-тармақ). Айтыңызшы, сақтандыру полисінің  жарамдылық мерзімі бір-екі айдан асып кеткен жүргізушіге қай бап бойынша шара тағайындалады?  2 наурыз 2011, 23:25 2 286 просмотра
Мұз үстіндегі берекетсіздік Сұрақ-жауап

Мұз үстіндегі берекетсіздік

- Қала маңына жақын Жайықтың қай жерлерінде мұз астынан әуесқойлық балық аулауға тыйым салынғандығын білгім келіп еді? Облыстық әкімдік үйінің ауданында өзеннен балық аулап жатқан әуесқой балықшыларды құқық қорғау органының өкілдері қуып жіберіп отырады. Сол жерден аулауға бола ма? 2 наурыз 2011, 23:28 2 739 просмотра
Сұрақ-жауап

Жалған куәлік етсе…

- Менің пікірімше, мүгедек болуыма себеп болған адамды сотқа бердім. Ол алқа билер қатысатын сотты таңдады. Мен оның шешіміне наразылық білдіре аламын ба? Егер куәгер болған адамның сотта шындықты айтпағаны анықталатын болса, оның жазасы қандай екенін білгім келеді? 2 наурыз 2011, 23:29 2 789 просмотра
Сұрақ-жауап

Хат жазыңыздар

- Мен Ресей Федерациясының аумағында тұрамын.  Менің жұбайым сотталып, қазір жазасын Атыраудағы жалпы режимдегі колонияда өтеп жатыр.   Онымен хат жазысып тұрсам деп едім. Мен өзімнің жазған хатыммен бірге оның маған жауап хатты жолдауы үшін ресейлік маркалары бар конвертті салып жібере аламын ба? 24 ақпан 2011, 00:00 2 581 просмотра
Сұрақ-жауап

Зейнетақы көлемі жалақыға байланысты

- 1993 жылы мүгедектігім (ІІ топ) бойынша зейнеткерлікке шықтым. Сол кезде менің еңбек өтілім 33 жыл құраған болатын. 2001 жылы 58 жасқа толдым. Ал 2002 жылы жасыма байланысты зейнеткерлікке шықтым. Енді зейнетақы 25-30 пайызға өскен сайын, менің төлемім 9 пайызға ғана өседі. Мен төлем орталығынан осы мәселе туралы білгім келгенде, маған егер мен 1993-1995 жылдары аз уақыт болса да жұмыс жасағанымда, менің зейнетақымды басқалардыкі сияқты көтерген болар еді деп түсіндірді. Бірақ мен ІІ топ мүгедегі болсам, қалай жұмыс істей алған болар едім? Енді не істеуім керек? Бәлкім басқалармен тең болып, ақшамды көбейту үшін мүгедектігім бойынша қайтадан зейнеткерлікке шығуым керек шығар? 17 ақпан 2011, 00:00 2 438 просмотра