Сұрақ-жауап Кез-келген банк бөлімшелерінен төлеуге болады - Бұрын Сәтбаев, 23 мекен-жайында «Облтрансгаз», «Атырау су арнасы», «Атырау-Жарық» төлемдерін қабылдайтын қосындар жұмыс істеген болатын. Осы ауданның тұрғындары, біздер үшін барлық коммуналдық төлемдерді бір жерден төлеу қолайлы еді. Кейіннен ол жерден халыққа қызмет көрсету орталығы ашылды. Бізге жақын маңнан барлық коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу қосынын ашып берер ме екен? Бұл біз үшін өте қолайлы болар еді. 2 ақпан 2011, 00:00 2 190 просмотра
Сұрақ-жауап Су болады - Алғабас өткелі бойындағы үйлерде өткен жылдың тамыз айынан бастап су құбырына су жіберу тоқтатылған болатын. Тұрғындар әбден титықтап бітті. Су қашан беріледі? 2 ақпан 2011, 00:00 2 310 просмотра
Сұрақ-жауап Көше шамдары жарқырамақ - Говоров көшесінде неліктен көше шамдары жоқ? 2 ақпан 2011, 00:00 3 893 просмотра
Сұрақ-жауап Апатты үйге жатса күреледі - Балықшыдағы Құнанбаев көшесі, 30а мекен-жайында орналасқан 5 қабатты жатақхана қашан күреледі? Ғимарат ескірген, қабырғалар ылғанданып кеткен, кәріздер жұмыс жасамайды. 2 ақпан 2011, 00:00 2 481 просмотра
Сұрақ-жауап Сапасын төмендетуге жол бермейміз! - «Заман-нанның» бөлкесінің сапасына қатысты шағымданайын деп едім. Нанның сол түрін өте жақсы көремін, алайда, соңғы кездері оны жеу мүмкін болмай қалды, дәмі қышқылданып кеткен. Наубайхананың ингредиенттердің сапасы мен мөлшерін тексеретін өз зертханасы жоқ па? Мен Мәскеуде болғанымда байқағанымдай, ондағы бөлке нанды майсыз-ақ жеуге болады, ал, бізде қантын дұрыс салмайды ма немесе басқа да жетіспеушіліктер бола ма, түсініксіз, қысқасы не керек, жұмысшының бар еңбегі зая кетеді. 2 ақпан 2011, 00:00 2 892 просмотра
Сұрақ-жауап Зейнетақы ғана өсті - Мен ІІ топ мүгедегімін. Жаңа жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақыны 30 пайызға көтеруге уәде етілген еді. Алайда, алған жәрдемақым өткен жылғыдан бар болғаны 3 000 теңгеге ғана көп болды. Ал зейнетақы мен жәрдемақы төлеу орталығындағылар жас ерекшеліктеріне байланысты шыққан зейнеткерлердің ғана ақшаларының көбейгендігін, жәрдемақының аз өскендігін түсіндірді. Неліктен? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 279 просмотра
Сұрақ-жауап Жұмыс орыныңызда да тіркелуге болады - Өткен жылы мен өз үйімді сатып, тіркелген мекен-жай есебінен шығып қалдым. Ал, биылғы жылы маған жеке куәлігімді міндетті түрде ауыстыруыма тура келіп отыр. Оның бәрі аса қиын шаруа болмағанымен, куәлікті алу үшін мекен-жайға тіркелуім тиіс. Мен қазір қалада шағын бір тұрғын алаңын жалға алып отырмын, алайда, тұрып жатқан үйіме немесе басқа бір мекен-жайларға тіркелу мүмкіндігім жоқ. Ондайда қалай істегенім жөн? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 506 просмотра
Сұрақ-жауап Жолдар жыры - Биыл Балықшы поселкесіндегі Рыбников, Жантайский (қазіргі Д.Нұрпейісова) көшелеріндегі және Чуйский өткеліндегі жолдарды жөндей ме? Өткен жылы қалалық әкімдікке хабарласқанымызда, бюджетте ақша қаралмағандығын айтқан еді. Биылғы жылғы ахуал қандай? Егер қандайма талдау жасар болса, билік бұл көшелерде ешқашан дұрыс жолдардың болмағанын білетін шығар. 26 қаңтар 2011, 00:00 2 482 просмотра
Сұрақ-жауап 1-ші наурызға дейін үлгеріңіз - «АЖ» газетінде жарияланған шарап-арақ өнімдерін сату қызметін лицензиялау жөніндегі мақалада лицензияны бірінші рет алып отырған адамдарға қандай құжаттар ұсыну қажет екендігі жазылған еді. Ал егер менің лицензиям болса және есепке тіркелгім келсе, маған Салық департаментіне қандай құжаттар ұсынуым керек? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 315 просмотра
Сұрақ-жауап Жәрдемақы мөлшері мекен-жайға тәуелсіз - Мен Индер поселкесінде тұрамын. Өткен жылдың қыркүйегінде үшінші сәбиім дүниеге келді. Босануыма байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақының сомасы 45 мың теңгедей болды. Оған қоса ай сайын сәби күтіміне байланысты 7 мың теңгедей аламын. Атырауда тұратын құрбым үшінші баласына 11 500 теңге алады, ал босануына байланысты берілген жәрдемақы 56 мың теңге құраған. Неліктен қала мен ауылдағы жәрдемақы алушылардың арасында мұндай айырмашылық бар? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 960 просмотра
Сұрақ-жауап Рәсімдеу жүргізілмейді - ҚР аумағына Ресейде өндірілген тауарларды көп дегенде бір қол сөмкесіндей әкелгім келеді. Ол үшін де кедендік рәсімдеуден өту керек пе? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 359 просмотра
Сұрақ-жауап Батыр аналарға кедендік жеңілдіктер жоқ - Мен автокөлікті анамның не әйелімнің немесе ағамның атына сатып ала алам ба? Мұндай жағдайда кедендік рәсімдеуге байланысты проблемалар туындамай ма? Автокөліктерді кедендік рәсімдеу бойынша батыр аналарға қарастырылған жеңілдіктер бар ма? 26 қаңтар 2011, 00:00 2 571 просмотра
Сұрақ-жауап Кері талап қоя аласыз - «Мерседес» және «Ниссан» екі автокөлігі соғысқан кезде, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі болып шықты. Оның үстіне қолында машинаны жүргізуге құқық беретін сенімхаты жоқ. ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3 – бөлімдері бойынша (зардап шегуші орташа ауырлықтағы жарақат алды) кінәлінің үстінен қозғалған іс екі тараптың ымыраласуына байланысты тоқтатылды. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 786 просмотра
Сұрақ-жауап Қарулы адам - Жақында сары мемлекеттік нөмірі бар ақ түсті «Жигули» көлігінен қаңғып жүрген иттерді атып жатқанын көрдім. Иттер құлаған соң белгісіз аңшы өлген итті көлігінің жүк салғышына салып алып, кетіп қалды. Бұл машина маған күдік туғызды. Әдетте, ондай нөмірлері бар машиналар шетелдік фирмалардікі болып саналады ғой. Мен, мәселен, ондай көліктердің жүргізушілері мен иелерінің бос уақытта осылайша ақша табатындығына сене қоймаймын. Байқасаңыздар, иттерді ату тұрғын үйлердің арасында болды, демек, күдікті аңшының жемтігіне кез-келген сәтте балалар мен үлкендер де айналар ма еді?! 19 қаңтар 2011, 00:00 2 371 просмотра
Сұрақ-жауап Оқуға қайда баруға болады? Оқуға қайда баруға болады? - 9-шы және 11-ші сыныптардан кейін қандай әскери оқу орындарына баруға болады? Телефон арқылы 19 қаңтар 2011, 00:00 27 695 просмотра
Сұрақ-жауап Дұрыс фарлар - Туберкулезге қарсы аурухана бағытындағы жолда теміржол өткеліне 20 метрдей қашықтық қалғанда мені жол полициясының қызметкері тоқтатып, жақын қашықтыққа арналған фарды жақпағаным үшін 7 мың теңге айыппұл салды. Олардың бұл әрекеті қаншалықты заңды? Және қала шекарасы қай жерде аяқталады және ол қай құжатта көрсетілген? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 773 просмотра
Сұрақ-жауап Алаңсыз жүре беруге болады! - Қауіпсіздік белбеулері мен ксенонды фарлардан кейін жол полицейлері жолсызбен жүретін автокөліктердің алдыңғы бамперлерін қорғау үшін ілмелі құрал-жабдықтарды тексерумен айналыса бастады дегенді естідім. Бұл құрал автокөлікті сақтайды, алайда көлік апаттары орын алған кездерде басқа көлікке келтіретін шығыны ондай құралсыз көліктермен болған жол апатындағы шығындардан едәуір көп болады. Бұл ілмелі құралдарға тыйым салынған ба? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 551 просмотра
Сұрақ-жауап Апаттар үйреншікті мәселеге айналды - Біз Авангард -3 мөлтек ауданындағы №53 үйде тұрамыз. Міне, бірнеше апта болды біздің подъезіміз буланып кетті. Жылу құбыры жарылып кеткенге ұқсайды. Соның салдарынан кірер есікке мұз қатап, домофон істен шықты. Бірнеше рет «Махамбет» ПИК-не қоңырау шалғанымызбен, еш нәтиже шықпады. Галина ВЕРБОВА 19 қаңтар 2011, 00:00 2 825 просмотра
Сұрақ-жауап Анализдер ескі әдіспен тапсырылады - Қалалық емханада менің балама анализ тапсыруға жолдама берді. ИФА әдісі бойынша гельминтті анықтау үшін қан тапсыру керек болды. Біздің емханада ИФА әдісі бойынша анализ қабылдамайды, мұндай анализді қай емханаға тапсыруға болатындығын айтсаңыздар екен? 19 қаңтар 2011, 00:00 4 210 просмотра
Сұрақ-жауап Мүлік иесі төлеуге тиісті - 2005 жылы менің күйеуім машинасын бас сенім хат арқылы сатқан еді. 2010 жылы біз жаңа машина сатып алдық. Ол үшін салықты да төледік. Сол кезде бізге ескі машинаның салығына қатысты қарыздардың бар екендігі туралы айтпады. Енді келіп жақында біздің қарызымыздың бар екендігі анықталды. Біздің машинамыздың жаңа қожайыны 2006 жылғы қуаттылық салығын төлемеген болып шықты. Сол кезде машина күйеуімнің атағында болатын, сондықтан да қарыз соның атына жазылады ғой. Осыған байланысты мынадай сауал туындап отыр- неліктен бізге қарыздарымыздың бар екендігі туралы сол өткен жылдар ішінде немесе біз жаңа көлік сатып алған 2010 жылы хабарламаған? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 250 просмотра
Сұрақ-жауап Нотариус сот орындаушысы емес - Бізде дау туғызып отырған пәтер бар. Біздің мұрагерлік ісімізді бастаған нотариус қазір лицензиясынан айырылып отыр. Оның қолында біздің пәтердің құжаттарының көшірмесі қалып қойған еді, енді оны ол неге екені белгісіз бізге беруден бас тартып отыр. Оның ондай әрекетке бару құқығы бар ма? 19 қаңтар 2011, 00:00 2 658 просмотра
Сұрақ-жауап Көлік тұрағы бар - Жұма намазы кезінде қалалық мешітке келетін көп адам көліктерін Сәтбаев даңғылының көлік жолына қалдырып кетуді дағдыға айналдырған. Бұл жол-көлік ережесін бұзып, қозғалысқа кедергі келтіреді. ІІД ЖПБ намаз уақыты басталмас бұрын осы учаскеге автоинспектор бөлмес пе екен? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 657 просмотра
Сұрақ-жауап Сессия кезінде ауыса алады - Менің сіңлім агроколледждің 1-ші курсында оқиды. Оқуының ақшасының 50 пайызынан көбін төлеп тастадық. Қазір ол сәбиін күтіп жүр, шілдеде босануы керек. Топ жетекшісі оған бірінші семестрден кейін академиялық демалыс алсын деп отыр. Өйткені оқу жылының ортасында сырттай оқу бөліміне ауысуға рұқсат етілмейді екен. Оның жүктілігі сабағына әсер етіп жүрген жоқ, сессиясы маусым айында аяқталады. Әр жеке мекеменің өзінің ішкі ережелері бар екенін түсінеміз, алайда мемлекет оның қызметін неліктен реттемейді және осындай мәселелерді неге шешпейді? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 861 просмотра
Сұрақ-жауап Қарбыз тез бұзылады - Таяуда қаладағы көкөніс базарларының бірінен қарбыздың сатылып жатқанын көрдім. Оларды жеу қауіпті емес пе? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 958 просмотра
Сұрақ-жауап Ағза таңертеңгілік мол ақпарат береді - Сәбиім өткен аптада бір айға толды. Учаскелік педиатрға барып салмағы мен бойын өлшететін уақыт келді. Ең қиыны – талдау үшін несебін жинау. Танысым сәбидің астына дәке салып, сәл күтіп, содан соң сұйықтықты банкаға сығып алу керек деп кеңес берген еді. Бұл несеп талдауына әсер етпей ме және оны кешкісін жинап қоюға бола ма? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 032 просмотра