- Қалалық емханада менің балама анализ тапсыруға жолдама берді. ИФА әдісі бойынша гельминтті анықтау үшін қан тапсыру керек болды. Біздің емханада ИФА әдісі бойынша анализ қабылдамайды, мұндай анализді қай емханаға тапсыруға болатындығын айтсаңыздар екен?
Облыстың бас педиатры Гүлфара ӨМІРБАЕВАНЫҢ сөзіне қарағанда, гельминтті анықтау үшін ИФА әдісі бойынша анализді Атыраудағы мемлекеттік емханалардың бірде-біреуінде тапсыру мүмкін емес көрінеді. Бұл өте қымбат тұратын процедура. Емханаларда гельминтті анықтау үшін тек жұғынды алу әдісі жасалады. «Тіпті, СЭС-да санитарлық кітапша беру үшін жүргізілетін тексерулер барысында да гельминт анализі осылайша жасалады. Бұл нақты нәтижелер беретін әдіс»,-деп сендіреді бізді Гүлфара Өмірбаева.