Сұрақ-жауап Жалғама тапсыру мерзімі - көктемде - Балабақшадан орын алу үшін өтінішті қызыма 4 ай болғанда 2008 жылдың мамырында берген едім. Таяуда оның құрдастарының балабақшаға барып жүргенін білдім. Біз өтінішімізде №1 авторлық мектепке дейінгі гимназияның (АМГ) балабақшасына бергіміз келетінін көрсеткен едік. Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің қызметкерлері осы балабақша жалғамасы тапсырылғаннан кейін орын бөлінетіндігін айтты. Бірақ оны қашан тапсыратынын айтпады. Алайда БАҚ-тарда әлденеше рет жалғама өткен жылдың аяғына дейін тапсырылады деп жазылған болатын. №1 АМГ жалғамасының қашан тапсырылатын уақытын білгіміз келеді? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 977 просмотра
Сұрақ-жауап Лицензиялық алым мекен-жай бойынша төленеді - Адвокаттық немесе нотариалдық қызметпен айналысу құқығына лицензия алымын тек мекен-жай бойынша төлеу міндетті ме? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 055 просмотра
Сұрақ-жауап Мемлекеттік бағдарламамен алынған кеңсе - Кезінде біз Алмагүл ықшам ауданынан мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алған едік. Осы жылжымайтын мүлікке қатысты үш жыл бойына қандайма болмасын операциялар мен келісім-шарттар жасауға құқығымыз жоқ екені белгілі. Алайда мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған біздің подъездің бірінші қабатындағы пәтерлердің бірінен әлдебір фирманың кеңсесі ашылған. Бұл қаншалықты заңды? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 445 просмотра
Сұрақ-жауап Автобус пен асфальтты ұзақ күтеді - Жұмыскер-1 ықшамауданының «Бекжан» дүкеніне қарсы 147-156 учаскелердің арасындағы аумақты қашан асфальттамақ? Үй 2003 жылы салынды, ал жолды күткенімізге жеті жыл болды. Балаларымыз мектепке әзер барып келеді. 12 қаңтар 2011, 00:00 2 811 просмотра
Сұрақ-жауап Барлық балалардың қатысуымен рәсімделеді - Күйеуіміз екеуміздің 8 ержеткен балаларымыз бар. Пәтер сатып алған кезде біз оны менің атыма, күйемнің атына және балаларымның бірінің атына рәсімдеген едік. Тамыз айында күйеуім қайтыс болды. Енді маған пәтерді өз атыма қайтадан рәсімдеуім керек. Балаларымның екеуі Ресейде тұрады. Олар маған өздеріне сол жақта жүріп, мұрагерліктен бас тарту жөніндегі құжатты рәсімдеп жүрмеуі үшін өзіммен бірге тұратын балаға кейін қалдырылатындай етіп рәсімде дегенді айтады. Оны қалай жасауға болады? 12 қаңтар 2011, 00:00 3 796 просмотра
Сұрақ-жауап Зейнетақыны қалай аламыз? - Мен зейнетақы алатын №11 пошта бөлімшесінде жұмыс істемей қалатын компьютерлердің кесірінен ұзақ-сонар кезек жиі болып қалады, сол себептен де мен қаланың орталығынан, Абай көшесіндегі пошта бөлімшесінен алып жүрмін. Онда 8 касса жұмыс жасайды, кезек дегеніңіз тез жүреді. Осыдан екі ай бұрын неге екені белгісіз зейнетақыны тіркелген мекен-жай бойынша бере бастады. Енді мені Абай көшесіндегі бөлімшеден №11 бөлімшеден алуға тиіссіз деп жұмсайды. Ондай ереже қайдан шықты? 12 қаңтар 2011, 00:00 2 816 просмотра
Сұрақ-жауап Автоинспектор өзін таныстыруға тиісті - 20 желтоқсан күні таңертең сағат 9.30 біз транзиттік нөмірі бар автокөлікпен келе жатқанбыз. Сәтбаев даңғылы облыстық сот ғимараты маңында қатарынан бірнеше машинаны тоқтатып жатқан автоинспектор бізді де төртінші болып тоқтатты. Өзін таныстырып, тоқтатқан себебін айтар инспекторды күтпестен (10 минут уақыт өткен соң) жүргізуші өзі түсіп, оған өзі барды. Оның артынша мен де барып, автоинспектордан өзін таныстыруын өтіндім. Жауап ретінде ол маған дөрекі түрде қайтадан машинаға барып отыруымды бұйырды. Егер нақты ережені бұзушылық жасамаған болса, машиналарды бірінен соң бір тоқтатуға автоинспектордың құқығы бар ма? Жолаушының өтініші бойынша автоинпектор өз есімін атауға міндетті ме? Егер қажет болған жағдайда өз тегімді айтып, ЖПБ немесе ҚСБ арыз жаза аламын. Байланыс телефондарым редакцияда. 12 қаңтар 2011, 00:00 3 225 просмотра
Сұрақ-жауап Сенімхатты ешкім де жойған жоқ - Мен қызыммен алыс шетелге демалып қайтқым келген. Баланың әкесі баланы алып шығуға сенімхат беруге тиіс болғандықтан, біз нотариусқа жүгінген едік. Мұндай сенімхатты бұрын да толтырып жүргенбіз, ол 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге берілетін, бағасы 500-1000 теңге аралығында. Яғни бір сенімхатты бірнеше жыл пайдалануға болатын еді. Алайда бұл жолы нотариус қазір олардың мұндай сенімхат жасамайтынын, белгілі бір мерзімге және белгілі бір елге өтінішті рәсімдейтінін айтты. Ол біздің қайда және қандай мерзімге баратынымызды нақтылап алды да, осы мерзімге өтінішімізді рәсімдеп берді. Бұл қызмет үшін 1200 теңге алды. Шынымен де өзгерістер болған ба және ол неге байланысты? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 673 просмотра
Сұрақ-жауап Өз әкеңнен артық болса - Мен әкемнің атын өзгерткім келеді. Өйткені, менің биологиялық әкем анамызбен екеумізді өміріміздің қиын кезеңінде тастап кетті. Мен оны мені өсірген, барлығына көмектесіп, мен үшін нағыз жақыныма айналған адамның атына ауыстырғым келеді. 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 698 просмотра
Сұрақ-жауап Қар емес, мұз үгіндісі - Бейсенбі күні Мұз сарайына облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының қарағандылық «Сарыағаш» командасымен матчын тамашалауға барған едік. Қалада жерге тамған бір қар жоқ, ал спорт кешенінен нағыз күртік қарды көргенде сүйсініп қалдық. Бұл не екен? 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 833 просмотра
Сұрақ-жауап Жалтарма жауаптың жаңа түрі - Біздің Огородная көшесінде асфальт жоқ, лайсаң кездері үйден шыға алмаймыз. Такси мен «жедел жәрдем» бізге келе алмайды. Қонақты тек ауа-райы жақсы болған күндері шақырамыз. 2008 жылы облыстық әкімдікке хат жолдаған едік, ал жауап қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиевтен келді. Ол біздің өтінішіміз 2009 жылдың бюджетін қарау кезінде ескерілетін болады делінген. Алайда ескерілген жоқ. Огородная көшесі қашан асфальтталмақ? 22 желтоқсан 2010, 00:00 2 987 просмотра
Сұрақ-жауап Сылақ ұзаққа бармады - Біз СМП-163-тегі 2009 жылы 6 қаңтарда берілген жаңа үйде тұрамыз. Жақында үйіміздің сыртқы бетінің сылағы түсіп қалды. Ал үйдің алдындағы көше жарығы өшіп, подъездің алдынан түк те көрінбейді. Теміржол дистанциясының электрмен қамту диспетчерлері «Атырау-Жарық» АҚ-на сілтейді. Ал ол жердегілер электр желілері иесіз деп, қалалық әкімдікке сілтейді. Қайда хабарласқан жөн? 22 желтоқсан 2010, 00:00 3 217 просмотра
Сұрақ-жауап Жылу қысқа қалдырылмай қосылды «Жайық самалы» газетінің №48 санында жарияланған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВПЕН болған сұхбатта жылыту маусымына уақытында дайын болмаған үйлер қатарында Авангард 2-ші ықшамаудандағы №8 үй аталып өткен. 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 720 просмотра
Сұрақ-жауап «Жайсыз» белгі - Атырау-Орал трассасының бойында Махамбет поселкесіне жетпей «Елді мекен» белгісінің тұсында сағатына 72 км жылдамдықпен келе жатқанымда мені ЖПҚ қызметкері тоқтатты. Инспектордың белгіден 50 метр қашықтықта тұрып, мені сағатына 110-нан 60 км-ге азайтып келе жатқан жылдамдық кезінде тоқтатуы заңды ма? Елді мекен арқылы өтпейтін жерде трассаның бойында осы белгі дұрыс орнатылған ба? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 655 просмотра
Сұрақ-жауап Тәжірибені қайдан жинақтауға болады? - Менің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Диплом алғаннан кейін тұрмысқа шықтым. Сәбиім дүниеге келгеннен кейін төрт жыл бала күтімімен отырдым. Газеттен жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру орталығының қолдауымен «Мирас» оқу орталығы оқытатындығы, әрі қарай жұмысқа орналастыратындығы жөнінде хабарландыру оқыдым. Мен үш айлық оқуды бітіріп, Бухгалтерия және 1С курсын «үздік» бағаға тапсырдым. Әлі күнге дейін жұмыссыз отырмын, өйткені жер-жерде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес бухгалтерлерді талап етеді. Оқу орталығындағылар жұмысқа орналастыруға міндетті емес екенін айтқан кезде таң қалдым. Осы рас па? Егер жоғарғы оқу орындарының түлектерінің өтілдері болмаса не істеуге болады? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 670 просмотра
Сұрақ-жауап ХҚО-да пәтер кезегіне тұруға болады - Мен бала күнімнен ІІ топ мүгедегімін. Үш балам бар. Жақында маған қалалық жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау бөлімінен өкіл келіп, отбасымның әлеуметтік жағдайын сұрастырып, түрлі сұрақтар қойды. Менің пәтерге кезекте тұрған-тұрмағандығымды сұрады. Ал мен, шынымды айтсам, пәтер алуға құқылы екенімді сол жерде ғана білдім. Толығырақ айтсаңыздар екен, қайда және қандай құжаттар тапсыруым керек? Екінші сұрағым мынадай – 2003 жылдан бері жер учаскесін алу кезегінде тұрмын. Егер алатын болсам, үй салып алуым неғайбыл деп ойлаймын, өйткені көмектесетін ешкімім жоқ. Бәлкім, жерге кезегімді пәтер кезегіне ауыстыра алатын шығармын? 15 желтоқсан 2010, 00:00 3 695 просмотра
Сұрақ-жауап Картинаның құндылығын мұражайда анықтайды - Мен италиялықпын. Өзіме ұнаған картиналарды сатып алатынмын. Осы жерден, Атыраудан түрлі тастардан, негізінен кәріптас пен көгілдір ақықтан жасалған керемет табиғат көрінісін сатып алған едім. Осы картинаны Абриоледегі өз үйіме іліп қойғым келеді. Осыған байланысты қазақстандық кеденде проблемалар туындауы мүмкін бе? 15 желтоқсан 2010, 00:00 2 653 просмотра
Сұрақ-жауап Неке кабинеттерде тіркеледі - Біз қарым-қатынасымызды заңдастырғымыз келген. Егер атыраулық АХАЖ бөліміндегі жаңалық болмағанда бәрі де керемет болар еді. Әділет басқармасындағылар неке туралы куәлігімізді ресми түрде және Мендельсонның әуенімен салтанатты рәсіммен емес, құжаттау бөлімінен тып-тыныш қана, жұмыс күндері ала салатынымызды ескерткен болатын. Яғни, қазір некенің құпиялылығы құжатты қолға берумен, ал салтанатты рәсім артық сабылыссыз жекеше өткізілетін болған. Әділет басқармасының бізді алғашқы отбасылық құжатымызды ресми рәсіммен алу құқығымыздан айыруға қақы бар ма? 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 168 просмотра
Сұрақ-жауап Жаяу жүргінші жолы көлік жолы емес - Таяуда «Атырау-Ақпарат» маңындағы Молдағалиев көшесіне жаяу жүргінші жолын төседі. Енді бұл жерге күн сайын таксистер жол жиегінен «секіріп», көліктерін қойып қояды. Сол жерден көліктерін жөндеп, жуатын болды. Ескертулерді жүргізушілер елең қылмайды. Егер жедел шара алмаса, жаяу жүргінші жолы шоқалақ жерге айналады. 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 300 просмотра
Сұрақ-жауап Толассыз қозғалыстан шығар жол - Біздің Сәтбаев даңғылындағы №8 үйдің жан-жағынан көлік жолдары өтеді. Өтетін жолдардың бірі үйге жақын орналасқан, бұл жерге жаяу жүргінші жолы салынбаған. Жұмыс күндері №17 балабақшаға таңертең және кешкілік уақытта машиналар ағыны көп жүреді. Осы қолайсыздықтардан үйімізге тікелей зиян тигізіліп отыр. Жерге түсетін жүк салмағының артуы канализациялық ағын тораптарының еңіс бұрышына әсер етті. Өткен жылы бізге белгі қоямыз деп жазбаша түрде жауап берген еді, бірақ ол әлі орнатылған жоқ. 8 желтоқсан 2010, 00:00 2 870 просмотра
Сұрақ-жауап Әр жолақтың өз орны бар - №20 мектеп маңындағы Шамин-Әуезов көшелерінің қиылысына жаяу жүргінші өткелін орнатуға бола ма? «Абайла, балалар!» деген және шектеу белгілері бар, бірақ жүргізушілер оларды көзге ілмейді. Жолды кесіп өту өте қиын. 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 055 просмотра
Сұрақ-жауап Қытайдан тауар әкелу: кеден нені талап етеді? - Қытай Халық Республикасынан әкелінетін тауарды рәсімдеу кезінде қандай құжаттар ұсыну керек? 8 желтоқсан 2010, 00:00 4 936 просмотра
Сұрақ-жауап Есепке тіркелмеген ана - Біздің үйленгенімізге бес жыл болды. Мен Қазақстанның азаматымын, әйелім ресейлік. Екеуміздің балаларымыз – Қазақстан азаматтары. Әйелім Қазақстан азаматтығын әлі ала алмай келеді, өйткені біздің тұрғын алаңымыз оны тіркеуге мүмкіндік бермейді, 15 шаршы метр жетіспейді. Тіркейтін басқа жеріміз жоқ. Сондықтан бізге әр алты ай сайын Ресейге барып тұруымызға тура келеді. Отбасылық жұптарға бұл заңның күші жоқ деп естідім. Осы рас па? Бұл жағдайды шешуге бола ма? Біз заңды түрде некелескен, екі баламыз бар отбасымыз ғой. Ресейге жиі барып тұруға мүмкіндігіміз жоқ. 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 308 просмотра
Сұрақ-жауап Тиесілі көмекті алу керек - Жерлеу рәсіміне берілетін ақшаны қай уақытта алып болу керек? Біз 10 күн ішінде деп естідік. Біздер қайтыс болғандығы туралы куәлікті әлі ала алмай келеміз, ал онсыз бізге ақшаны бермейді. 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 125 просмотра
Сұрақ-жауап Балалар алаңы қашан болады? - Біз Авангардтағы Құрманғазы көшесінің бойындағы №№1 және 1а үйлердің тұрғындарымыз. «Рахман» ПИК-іне ауламызда орналасқан балалардың спорт алаңын жөндеткіміз келгеніне екінші жыл болды. ПИК үй тұрғындары пайдалану шығындары бойынша қарыздарын өтегеннен кейін ғана жөндеу жасайтындықтарын айтты. ПИК-тің ешқандай шара алмайтынын түсінген біз облыстық әкімдіктен көмек сұраған едік. Әкімдік біздің спорт алаңын биылғы жылы қала бойынша орнатылған 50 алаңның тізіміне қосуға уәде берген болатын. Осыған қатысты сұрағымыз бар. Дәл қай уақытта ауламызға жаңа алаң орнатпақ немесе өзіміздегі бар алаңды күрделі жөндеуден қашан өткізбек? 8 желтоқсан 2010, 00:00 3 488 просмотра