Атырау, 25 желтоқсан 23:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Автоинспектор өзін таныстыруға тиісті

3 225 просмотра

- 20 желтоқсан күні таңертең  сағат 9.30 біз транзиттік нөмірі бар автокөлікпен келе жатқанбыз. Сәтбаев даңғылы облыстық сот ғимараты маңында қатарынан бірнеше машинаны тоқтатып жатқан автоинспектор бізді де төртінші болып тоқтатты. Өзін таныстырып, тоқтатқан себебін айтар инспекторды күтпестен (10 минут уақыт өткен соң) жүргізуші өзі түсіп, оған өзі барды. Оның артынша мен де барып, автоинспектордан өзін таныстыруын өтіндім. Жауап ретінде ол маған дөрекі түрде қайтадан машинаға барып отыруымды бұйырды.

Егер нақты ережені бұзушылық жасамаған болса, машиналарды бірінен соң бір тоқтатуға автоинспектордың құқығы бар ма? Жолаушының өтініші бойынша автоинпектор өз есімін атауға міндетті ме? Егер қажет болған жағдайда өз тегімді айтып, ЖПБ немесе ҚСБ арыз жаза аламын. Байланыс телефондарым редакцияда.

Телефон арқылы

Біздің ресми сауалымызға ІІД баспасөз қызметінен Жол полициясы басқармасына сілтеме жасаған мынадай жауап келіп түсті:

 «Транспорт құралдарын тоқтату үшін мыналар негіз бола алады:

-Жүргізушілермен немесе жолаушылармен жол қозғалысы ережесінің бұзылғандығын сырттай көрген жағдайда;

-Жол-көлік оқиғасына қатысы барлығын, әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыс жасағандарын куәландыратын мәліметтер болған жағдайда;

-көлік құралының іздеуде тұрғаны, сонымен қатар құқыққа қайшы мақсаттарда пайдаланылуы туралы мәліметтер болған жағдайда;

-көлік құралының жүргізушілері немесе жолаушылары жол-көлік оқиғасының, әкімшілік құқықбұзушылықтың, қылмыстың куәгерлері болған жағдайда сұрау алу үшін;

-құзіреті бар мемлекеттік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың жол қозғалысын шектеу немесе тыйым салу туралы шешімін орындаған жағдайда;

-жол қозғалысының басқа да қатысушыларына немесе полиция қызметкеріне көмек көрсету үшін жүргізушіні немесе көлік құралын көмекке тарту қажеттілігі;

-Тек жол полициясының стационарлық бекеттерінде және бақылау - өткізу пункттерінде көлік құралын пайдалануға немесе басқаруға құжаттарын, сонымен қатар көлік құралына және тасымалдап алып келе жатырған жүкке құжаттарын тексеру үшін.

Арнайы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде жүргізуші және тіркеу құжаттарын, сонымен қатар тасымалдап алып келе жатқан жүкке құжаттарын тексеру мақсатында стационарлық бекеттерден тыс көлік құралдарын тоқтатуға жол беріледі (бұл жағдайда полиция қызметкерінде басшылықтың қолы қойылған жазбаша өкім болуы тиіс). ІІО жедел жоспарын енгізген жағдайда жазбаша өкім талап етілмейді. Автоинспектор машиналарды қатарынан төртінші болып тоқтатуға құқылы емес. Қойылатын талаптар есебімен автоинспектор ТҚ тоқтату барысында өз лауазымын, шенін, аты-жөнін, тоқтату себебін атауға міндетті. Жолаушылар тарапынан инспекторлардың өз міндетін орындауына кедергі келтіру немесе заңсыз араласу орынсыз болып табылады. Егер сіз оның әрекетін заңсыз деп санасаңыз, сізге ІІД ЖПБ тексеру үшін және қандайма шара алу үшін шағым жолдауға болатындығын ескертеді».

12 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.