Атырау, 8 қазан 20:28
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Есепке тіркелмеген ана

3 247 просмотра

- Біздің үйленгенімізге бес жыл болды. Мен Қазақстанның азаматымын, әйелім ресейлік. Екеуміздің балаларымыз – Қазақстан азаматтары. Әйелім Қазақстан азаматтығын әлі ала алмай келеді, өйткені біздің тұрғын алаңымыз оны тіркеуге мүмкіндік бермейді, 15 шаршы метр жетіспейді. Тіркейтін басқа жеріміз жоқ. Сондықтан бізге әр алты ай сайын Ресейге барып тұруымызға тура келеді. Отбасылық жұптарға бұл заңның күші жоқ деп естідім. Осы рас па? Бұл жағдайды шешуге бола ма? Біз заңды түрде некелескен, екі баламыз бар отбасымыз ғой. Ресейге жиі барып тұруға мүмкіндігіміз жоқ.

www.azh.kz сайтынан

СұраққаАтырау облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының аға инспекторы Нұрлан ТӨЛЕПОВ жауап берді: «Азаматтық алмас бұрын шетел азаматы тұрақты мекен-жайда қалуы қажет. Ол үшін мекен-жайға тіркелуі керек. Тіркелу кезінде ең басты шарт – тұрғын үй заңнамасының негізінде және №136 үкімет қаулысына сәйкес, бір адамға 15 шаршы метр қажет. Басқа жол жоқ. Таныстарыңызға, достарыңызға тіркеліңіз. Содан кейін тіркелім бойынша азаматтық алуға өтініш бере алады. Азаматтық алғаннан кейін ол күйеуіне тіркеле алады».

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.