- Біздің Огородная көшесінде асфальт жоқ, лайсаң кездері үйден шыға алмаймыз. Такси мен «жедел жәрдем» бізге келе алмайды. Қонақты тек ауа-райы жақсы болған күндері шақырамыз. 2008 жылы облыстық әкімдікке хат жолдаған едік, ал жауап қала әкімінің орынбасары Әділбек Нұрлығожиевтен келді. Ол біздің өтінішіміз 2009 жылдың бюджетін қарау кезінде ескерілетін болады делінген. Алайда ескерілген жоқ. Огородная көшесі қашан асфальтталмақ?
Соғыс ардагері М.В.Калашников, тұрғындар С.Ерекенова, Н.Коновалова.
Біздің редакцияның жолдаған сауалына қала әкімінің орынбасары Киікбай ЖАУЛИННІҢ берген жазбаша жауабында былай делінген: «Тұрғындардың Огородная көшесін асфальттауға қатысты өтініші 2011 жылдың қала бюджетін нақтылау кезінде қарастырылатын болады».