- Таяуда «Атырау-Ақпарат» маңындағы Молдағалиев көшесіне жаяу жүргінші жолын төседі. Енді бұл жерге күн сайын таксистер жол жиегінен «секіріп», көліктерін қойып қояды. Сол жерден көліктерін жөндеп, жуатын болды. Ескертулерді жүргізушілер елең қылмайды. Егер жедел шара алмаса, жаяу жүргінші жолы шоқалақ жерге айналады.
Амангелді Үмбетәлиев
Жол полициясы басқармасындағылар бұл учаскені автоинспекторлар дүркін-дүркін бақылап отыратын болады деп сендірді. Бұдан басқа, жаяу жүргінші өткелі, жол шеті және жаяу жүргінші жолына байланысты жол қозғалысы ережесінің бұзылғанын көрсе, ІІД ЖПБ-ның кезекші бөліміне 30-02-68 және 30-10-21 телефондарына хабарласуға болады.