- Жұмыскер-1 ықшамауданының «Бекжан» дүкеніне қарсы 147-156 учаскелердің арасындағы аумақты қашан асфальттамақ? Үй 2003 жылы салынды, ал жолды күткенімізге жеті жыл болды. Балаларымыз мектепке әзер барып келеді.
Б., Жұмыскер-1 м/а тұрғыны
- Жұмыскер-2 аумағындағы 612-615 учаскелердің арасын қашан асфальттамақ? Сондай-ақ, №11 маршрут бойынша сыйымды автобустар қашан жүреді немесе қосымша маршруттар қашан ашылады?
Ж., Жұмыскер-2 м/а тұрғыны
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және қоғамдық тасымалдау мәселесіне жауап беретін қала әкімінің орынбасары Әділбек НҰРЛЫҒОЖИЕВ көшелерді асфальттау туралы сұраққа бұл өтініштердің 2011 жылғы қала бюджетін нақтылау кезінде қаралатынын хабарлады. №11 маршруттағы автобустарға келер болсақ, тасымалдаушы фирма - «Данияр және К» ЖШС қазір үлкен автобустарды сатып алу мәселесін қарастыруда. Қосымша маршрут ашу 2011 жылы автобус маршруттарына қызмет көрсетуге ашық конкурс өткізгеннен кейін ғана мүмкін болады.