- Менің бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Диплом алғаннан кейін тұрмысқа шықтым. Сәбиім дүниеге келгеннен кейін төрт жыл бала күтімімен отырдым. Газеттен жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру орталығының қолдауымен «Мирас» оқу орталығы оқытатындығы, әрі қарай жұмысқа орналастыратындығы жөнінде хабарландыру оқыдым. Мен үш айлық оқуды бітіріп, Бухгалтерия және 1С курсын «үздік» бағаға тапсырдым. Әлі күнге дейін жұмыссыз отырмын, өйткені жер-жерде еңбек өтілі 3 жылдан кем емес бухгалтерлерді талап етеді. Оқу орталығындағылар жұмысқа орналастыруға міндетті емес екенін айтқан кезде таң қалдым. Осы рас па? Егер жоғарғы оқу орындарының түлектерінің өтілдері болмаса не істеуге болады?
www.azh.kz сайтынан
Сұраққа жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту бөлімінің бастығы Гүлболат АМАНҒАЛИЕВА жауап береді: «Оқу орталығы шынымен де жұмысқа орналастырады, бірақ барлығын емес. Бұл әйелге өз түйіндемесін бізге, жұмыспен қамту басқармасына немесе мекен-жайы бойынша қалалық жұмыспен қамту бөліміне жолдауы қажет. Біз оған тек келер жылы алғашқы жұмыс дағдыларын алу үшін жоғарғы оқу орындары мен кәсіптік оқу орындарының түлектеріне арналған «Жастар тәжірибесі» желісі бойынша жұмыс ұсына аламыз. Осы бағдарлама бойынша мемлекеттік мекемелерге, мәселен, «Фиркрофт», «Казстройсервис», «Уорли Парсонс» және т.б. секілді жергілікті және шетелдік компанияларға алты айлық жұмысқа жібереміз. Өздерін жақсы жақтарынан көрсете алған мамандар тұрақты жұмысқа орналасады. Әрине, бұл ең алдымен компанияның өзіне байланысты. Мәселен, биылғы жылы жастар тәжірибесінен өтуші 1091 түлектердің 190-ы тұрақты жұмысқа орналасқан».