- Балабақшадан орын алу үшін өтінішті қызыма 4 ай болғанда 2008 жылдың мамырында берген едім. Таяуда оның құрдастарының балабақшаға барып жүргенін білдім. Біз өтінішімізде №1 авторлық мектепке дейінгі гимназияның (АМГ) балабақшасына бергіміз келетінін көрсеткен едік. Қалалық білім беру бөлімінің мектепке дейінгі бөлімінің қызметкерлері осы балабақша жалғамасы тапсырылғаннан кейін орын бөлінетіндігін айтты. Бірақ оны қашан тапсыратынын айтпады. Алайда БАҚ-тарда әлденеше рет жалғама өткен жылдың аяғына дейін тапсырылады деп жазылған болатын. №1 АМГ жалғамасының қашан тапсырылатын уақытын білгіміз келеді?
Телефон арқылы
Осы сұрақ бойынша қалалық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлнар ЖОЛМҰХАНОВА құрылысшыларға хабарласуға кеңес берді. Оның айтуынша, бүгінгі күні басқа да пайдалануға тапсырылмаған жалғамалар бар екен. Сондай-ақ, ең алдымен балабақшалардағы топтардың орналастырылатынын атап өтті. Содан кейін барып жаңа топтарға бала жинайды екен. АМГ жалғамасына 5 топ сыяды деп жоспарланып отыр.
Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙ №1 АМГ, №55 , 61 балабақшалар жалғамаларының құрылысын аяқтау жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан ұзаққа созылып кеткендігін хабарлады.
- Сараптама жұмыс құнының жобалау кезінде жоспарланған мөлшерден қымбатқа шыққанын көрсетіп отыр. Қазір тендер өткізіліп жатыр, содан кейін құрылыс қайтадан жанданбақ. Жалғамалар 2011 жылы көктемнің аяғына қарай тапсырылады деп жоспарлануда.