- Біз Авангардтағы Құрманғазы көшесінің бойындағы №№1 және 1а үйлердің тұрғындарымыз. «Рахман» ПИК-іне ауламызда орналасқан балалардың спорт алаңын жөндеткіміз келгеніне екінші жыл болды. ПИК үй тұрғындары пайдалану шығындары бойынша қарыздарын өтегеннен кейін ғана жөндеу жасайтындықтарын айтты. ПИК-тің ешқандай шара алмайтынын түсінген біз облыстық әкімдіктен көмек сұраған едік. Әкімдік біздің спорт алаңын биылғы жылы қала бойынша орнатылған 50 алаңның тізіміне қосуға уәде берген болатын. Осыған қатысты сұрағымыз бар. Дәл қай уақытта ауламызға жаңа алаң орнатпақ немесе өзіміздегі бар алаңды күрделі жөндеуден қашан өткізбек?
Телефон арқылы
Жаңа спорт алаңын орнатуға қатыстықалалық құрылыс бөлімінің бастығы Виктор ЦОЙ былай деп жауап берді: «Биылғы жылға жоспарланған 75 (мектептерде 25, қалада 50) спорт алаңын орнату жұмыстарын аяқтап келеміз. Келер жылға әзірге ештеңе жоспарланған жоқ. Жаңа спорт алаңдарын салу бюджетке енгізіле ме, жоқ па, ол сессия деңгейінде шешіледі». Бұрынғы алаңды жөндеуге қатысты ТКШ, ЖТ және АЖ бөлімінің бастығы Жұмабай ҚАРАҒАЕВ келер жылы аулаішілік балаларға арналған 33 алаңды салу жоспарда бар екенін айтты. «Тұрғындардың өздері ПИК-ке шығулары тиіс. Ал олар өз Ассоциациялары арқылы, өздерінің балалар алаңын біздің жоспарға енгізу туралы әкімдікке ұсыныс білдіре алады».