- №20 мектеп маңындағы Шамин-Әуезов көшелерінің қиылысына жаяу жүргінші өткелін орнатуға бола ма? «Абайла, балалар!» деген және шектеу белгілері бар, бірақ жүргізушілер оларды көзге ілмейді. Жолды кесіп өту өте қиын.
Телефон арқылы
Бізге ІІД ЖПБ жауап бергендей, бұл жерге жаяу жүргінші өткелін орнату мүмкін емес, өйткені көшенің бұл қиылысында Әуезов көшесінің көлік жолына бұрылатын бұрылыс бар. Бұл жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін қарама-қайшы. Алайда жол полициясының басқармасы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне Жилгородоктың соңғы аялдамасының маңындағы Әуезов-Бимағанов көшелерінің қиылысына, яғни, Әуезов-Шамин көшелерінің қиылысынан 50 метр қашықтыққа «жолақ» салып, «Жаяу жүргінші өткелі» жол белгісін орнатуға ұйғарым шығарды.