«Жайық самалы» газетінің №48 санында жарияланған «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Жанұзақ ӘБІЛҒАПАРОВПЕН болған сұхбатта жылыту маусымына уақытында дайын болмаған үйлер қатарында Авангард 2-ші ықшамаудандағы №8 үй аталып өткен.
«Әнуар-Атырау» ПИК-і бұл мәлімдемеге жедел үн қосты. Кооператив төрайымы Людмила ШАРАВАТОВАНЫҢ айтуынша, 2-ші ықшамаудандағы №8 және тағы бес үйді тұрғындардың өтініші бойынша биылғы жылдың 1-ші шілдесінен бастап қызмет көрсету үшін қабылдаған екен. Үйлердің жағдайы жыларман халде болған. Тұрғындардан жөндеу жұмыстары үшін 5 мың теңгеден жинап, жөндеу қорынан қаржы қосып, үйлердегі канализацияны, салқын және ыстық сумен қамту және жылыту жүйелерін ауыстырған. Осыдан кейін жертөлелерде тұрбалардың жарылуы тоқтап, масалар да азайған. №7, 9, 11, 12 және 16 үйлерге жылу 15 қазанда, ал №8 үйге 1 қарашада берілген.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ