Атырау, 27 шілде 04:27
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Картинаның құндылығын мұражайда анықтайды

2 595 просмотра

- Мен италиялықпын. Өзіме ұнаған картиналарды сатып алатынмын. Осы жерден, Атыраудан түрлі тастардан, негізінен кәріптас пен көгілдір ақықтан жасалған керемет табиғат көрінісін сатып алған едім. Осы картинаны Абриоледегі өз үйіме іліп қойғым келеді. Осыған байланысты қазақстандық кеденде проблемалар туындауы мүмкін бе?

Оттавио

«Туындайды, – деп жауап берді «Ақ Жайық» кедендік қосыны орталығының міндетін атқарушы Арман КУШЕМБАЕВ. - Ал проблема болмас үшін, картинаны Сариев атындағы көркемөнер мұражайына әкелуіңіз қажет. Маман оны қарап, белгілі бір мәртебе белгілейді. Егер ол тарихи құндылыққа ие болмаса, онда сізге сол туралы анықтама береді. Содан кейін үйіңізге әкете беруіңізге болады».

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.