Атырау, 25 желтоқсан 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

«Жайсыз» белгі

2 655 просмотра

- Атырау-Орал трассасының бойында Махамбет поселкесіне жетпей «Елді мекен» белгісінің тұсында сағатына 72 км жылдамдықпен келе жатқанымда мені ЖПҚ қызметкері тоқтатты.  Инспектордың белгіден 50 метр қашықтықта тұрып, мені сағатына 110-нан 60 км-ге азайтып келе жатқан жылдамдық кезінде тоқтатуы заңды ма? Елді мекен арқылы өтпейтін жерде трассаның бойында осы белгі дұрыс орнатылған ба?

Телефон арқылы

Бізге ІІД баспасөз қызметі ЖПБ-на сілтеме жасай отырып хабарлағандай, 5.22 «Елді мекеннің басталуы» жол белгісі елді мекеннің басталуы мен атауын білдіреді. Мұнда елді мекендерде жол қозғалысы тәртібі ережелерінің талаптары әрекет етеді. Яғни, сағатына 60 км-ден көп емес. Егер инспектор сіз осы белгіден өтіп кеткеннен кейін тоқтатқан болса, оның әрекеті заңды деп есептеледі. Бұл белгі Атырау-Орал көлік жолының жиегінде «Махамбет поселкесі» елді мекені басталмас бұрын сәйкесті орнатылған. Бұл елді мекенге кіруді білдіреді.

15 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.